Об утверждении Программы реновации жилищного фонда Созакского района на 2025-2030 годы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Созақ ауданының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту турал» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Созақ ауданының тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2025-2030 жылдарға арналған Созақ ауданының тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы
Созақ ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «__»________ № қаулысымен бекітілді 2025-2030 жылдарға арналған Созақ ауданының тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Созақ ауданындағы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы (бұдан әрі –Бағдарлама) Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрлымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжарымдамасы негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Бағдарлама азаматтардың өмірлік ортасына және жайлы шарттарын жаңартуға, қоғамдық ортасын, тұрғылықты аймақтарын дамытуға және оларды сәулеттендіруге бағытталған.
Тармақ 3
3. Бағдарламада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ғимаратты (тұрғын үйді) қайта жаңарту-сақтауға жатпайтын не ғимаратты (тұрғын үйді) моральдық және физикалық тозуын жою мақсатында бұзу жолымен қалпына келтіру үшін ұтымсыз ғимаратты ауыстыру процесі. Ғимаратты қайта жаңарту пайдалану қасиеттерінің сәйкестігі (техникалық тексеру жүргізу), пайдаланудың нормативтік мерзімдері анықталғаннан және тұрғындардың қайта жаңартуға келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.Тұрғын үйді жаңарту процесі - бұл мерзімін жаңа,заманауи талаптарды ескере отырып салынған ғимараттарды ауыстыру процесі.Қайта жаңарту тозығы жеткен немесе авариялық тұрғын үймен қамтылған аумақта да,бос жер учаскелерінде де,оның ішінде қолданыстағы учаскелер алып қоюға жататын немесе құрылыс салу үшін орынсыз болған жағдайларда да жүзеге асырылуы мүмкін".
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйым – жергілікті атқарушы органдармен анықталған компания;
Тармақша 3
3) бұзу – жөндеуге жататын ғимаратты жою жөніндегі мақсатты қызмет;
Тармақша 4
4) тұрғын қоныс аудару қоры – Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес Созақ ауданының уәкілетті ұйымға тиесілі барлық тұрғын/ тұрғын емес үй-жайлардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) жаңғырту объектілері – бұзуға жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың жер учаскілерінде орналасқан бөлек тұрған құрылыстар немесе топтар;
Тармақша 6
6) жаңғырту жобасы – жаңартуға жататын жер учаскесіндегі пунтктік немесе кешенді игеру нысанындағы құрылыс жобасы;
Тармақша 7
7) ғимараттың, тұрғын үйдің (объектінің) тозығы жеткен күйі – құрылымы мен іргетасы белгіленген пайдалану, техникалық нормалар мен талаптарға, олардың тұрғындарының қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін және мұндай объектінің техникалық жай-күйін бағалау физикалық тозуға 60-80% сәйкес келетін жағдай.
Тарау 2. 2. Бағдарламаны қабылдаудың маңыздылығы
2. Бағдарламаны қабылдаудың маңыздылығы
Тармақ 4
4. Созақ ауданындағы тозығы жеткен үй қоры – жаңғыртуға жататын, маңызды әлеуметтік проблема болып табылады. Негізгі бөлімі өткен жүз жылдықтың 60-70 жылдары салынған жеке меншік үйлері құрайды. Бұл үйлер апатты жағдайда, ал үйлердің тозуы олардың жөндеуінен асып түседі.
Тармақ 5
5. 45 жылдан астам уақыт қызмет еткен жеке меншік үйлер Шолаққорған ауылында 1 бірлікті құрайды, ондағы тұрғындар саны 55 астам адам. Аталған объектілер жеке меншік инвесторларға тартымсыз. Бұл жеке меншік үйлер ҚР ҚНменЕ және санитарлық нормаларға сәйкес емес.
Тармақ 6
6. Тұрғындарды қолжетімді баспанамен және тұрақты урбанизация қамтамсыз етудің мемлекеттік шаралары жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық қордан үй алатындардың санының өсуіне жағдай жасайды.
Тармақ 7
7. әрекеттегі тұрғын үй қорында үйлердің тозуының жоғары деңгейі бар және жөндеу өткізуді қажет етеді.
Тармақ 8
8. Бағдарлама мақсатына жетудің жолдарын қалыптастырудың негізіне тозығы жеткен үйлерді бұзуды іске асырудың қабылданған әдістерінің принциптері және тұрғындардың қоныс аударуға келісімі қағидаттарына негізделген.
Тарау 3. 3. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері және нәтиже көрсеткіштері
3. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері және нәтиже көрсеткіштері
Тармақ 9
9. Бағдарлама мақсаты тозған үйлерлердің иелерін жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету, аудандағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуге, сонымен қатар Созақ ауданындағы құрылыс секторының дамуына арналған инвестициялық жағдайды жасау болып табылады.
Тармақ 10
10. Бағдарламаның міндеттері болып:
Тармақша 1
1) ғимараттың тозуын есепке ала отырып Созақ ауданының аумағында тозған үйлерді жою;
Тармақша 2
2) азаматтарды жайлы баспанамен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ауданның сәулетті келбетін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) бюджеттен тыс құралдарға арналған механизмдерді дамытуға;
Тармақша 5
5) бастапқы алаңдарды құру арқылы инвесторларды шақыруға жайлы шарттар құру;
Тармақша 6
6) жаңартуды қажет ететін аумақтардағы жер учаскелерін кешенді игеру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 7
7) азаматтарды қоныс аударуымен байланысты, әлеуметтік проблемаларды шешу;
Тармақша 8
8) тұрғын үй құрылысы мен аймақтық даму саласында қолайлы инвеститциялық ахуал қалыптастыру.
Тармақ 11
11. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) Созақ ауданының елді мекендерінде сәулеттік келбетін жақсарту;
Тармақша 2
2) инженерлік және коммуникациялық желілердің жаңаруы мен дамуы;
Тармақша 3
3) сәулеттендіру және көгалдандыру жолымен, ауданның тұрғын бөлімдерінің экологиялық деңгейін көтеру;
Тармақша 4
4) жұмыс орындарын көбейту және салық төлемдерін көтеру.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның негізгі бағыттары
4. Бағдарламаның негізгі бағыттары
Тармақ 12
12. Бағдарлама Созақ ауданындағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді екі бағыт бойынша жөндеуді жүзеге асыруды көздейді. Бірінші бағыты – мамандандырылған қоныстандыру тұрғын үй қорыының құрылуын қарастырады. Аталған бағыт аясында апатты деп танылған, сонымен қатар санитарлық суды қорғау нормалармен және қызыл жолақтағы аймақтарда орналасқан объектілерді бұзуды өткізу жоспарлануда. Азаматтарды көшіру барлық деңгейдегі бюджеттер құралдары есебінен және/немесе жеке меншік инвестицияларды тартумен іске асырылады. Көшіруге жарамсыз үйде тұратын азаматтар үшін қауіпсіз және жайлы шарттармен қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Екінші бағыт – уәкілетті ұйымдардың жобаларын инвесторлармен бірге жеке меншік құралдар есебінен іске асыру. Аумақтарды кешенді дамытуға негізделген тәсіл ескірген тұрғын үйлерді заманауи, тиімдіжәне қауіпсіз тұрғын үйге ауыстырудығана емес, сонымен қатар ілеспе әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды – жолдарды, мектептерді, бала бақшаларды, емханаларды және жасыл аймақтарды көздейді. Бағдарлама осыған ұқсас бағдарламаларды басқа аймақтарда жүзеге асырудың табысты тәжірибесін ескереді және аудандық ортаны тұрақты дамытуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны іске асыру механизмі және кезеңдері
5. Бағдарламаны іске асыру механизмі және кезеңдері
Тармақ 13
13. Бағдарламаны іске асыру Созақ ауданында уәкілетті ұймның бастамасы бойынша, әкім аппаратының ұсыныстары бойынша, Созақ ауданы, жаңарту обьктілері иелерінің ұжымдық өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де негіздер бойынша көзделген. Қайта жаңарту тозығы жеткен және авариялық тұрғын үймен қамтылған аумақта да,бос жер учаскелерінде де,оның ішінде қолданыстағы учаскелер алып қоюға жататын немесе құрылыс салу үшін орынсыз блған жағдайларда жа жүзеге асаырылуы мүммкін.
Тармақ 14
14. Уәкілетті ұйым жаңғырту объектілерін зерделейді және өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап беретін жргілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуға бастамашылық жасайды. Уәкілетті органмен құрылған комиссия шешімімен жөндеу нысаны бойынша нақты шешім қабылданады.
Тармақ 15
15. Комиссияның тандаған жер учаскесінде жаңартуды,оның ерекшеліктерін,тәуекелдерін және қала құрылысы жағдайларын есептеуді ескере отырып,жаңартуды жүргізу туралы оң шешім болған кезде обьект жаңарт жобасы ретінде құралуға жатады. Жаңарту жобасы ретінде жаңа (бос) жер учаскесінің құрылысы, бастапқы алаңда мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда қарастырылуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Бос жер учаскелерін жаңарту тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, іске асыру мерзімдерін жеделдету, логистикалық және инженерлік шешімдерді оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ авариялық тұрғын үй қоры немесе төтенше жағдайлар қаупі болған кезде аумақты кешенді игеру шеңберінде көзделуі мүмкін.
Тармақ 17
17. уәкілетті ұйым мен инвестор арасындағы өзара қатынастар шарттық қатынас армен реттеледі.
Тармақ 18
18. Бағдарламаға қатысушылар мен орындаушылар болып уәкілетті ұйымдар, жеке инвесторлар, қызығушылық танытқан мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар әрекет етеді.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес магистралдық инженерлік желілерді дамыту көзделген.
Тарау 6. 6. Жалдауға жататын объектілердегі тұрғын үй иелеріне өтемақы төлеу тәртібі мен шарттары
6. Жалдауға жататын объектілердегі тұрғын үй иелеріне өтемақы төлеу тәртібі мен шарттары
Тармақ 20
20. Тозығы жеткен үйлердің иелерін көшіру тұрғындардың санына қарамастан, пәтерлерге қойылатын техникалық шарттарға сәйкес шаршы-шаршы бойынша баламалы жаңа пәтерлерде жүзеге асырылады. Бұл ретте тұрғын үй-жайлардың иелеріне бірдей көлемдегі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер беріледі.
Тармақ 21
21. Сондай-ақ апатты тұрғын үй-жайлардағыға қарағанда бөлмелері көбірек жаңа тұрғын үй-жайларда тозығы жеткен үйлердің тұрғындарының тұрғын үй жағдайын қосымша ақыға жақсарту қарастырылған.
Тармақ 22
22. Қоныс аударуға арналған көппәтерлі үйлер салуға арналған аумақтар егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына, қала құрылысы нормаларына және Қазақстан Республикасының сәулеттендіру, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы заңнамасында айқындалған өзге де талаптарға сәйкес коммуналдық, көлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 23
23. Бағдарламаға енгізілген тұрғын үй иелерін қоныстандыруды қамтамасыз ету үшін қазаргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін көппәтерлі үйлердің құрылысы, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арнап көппәтерлі тұрғын үйлерді бейімдеу қамтамасыз етіледі.
Тармақ 24
24. Егер жөндеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа көппәтерлі тұрғын үй салу қолданыстағы ескі тұрғын үй орнында мүмкін болмаса (мысалы, су тасқыны қаупі, тығыз құрылыс салу, инженерлік шектеулер немесе қала құрылысы нормаларына сәйкес келмеу себебінен), құрылыс Уәкілетті ұйым айқындаған жаңа жер учаскесінде жүзеге асырылады. Бағдарламаға енгізілген тозығы жеткен тұрғын үйлердің меншік иелері мұндай жағдайда айырбастау шартында (баламалы өтемақы) немесе заңнамада көзделген өзге де тетікте көзделген талаптарда өз объектілерін (тұрғын үй және жер учаскесін) уәкілетті ұйымға береді. 25.Бағдарламаны іске асыру барысында аумақты абаттандыруға, көше және жол желісін, автотұрақтарды, қасбеттік аумақта тротуарларды қалыптастыруға, аумақты ауланы және орманшілік абаттандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілеу арқылы азаматтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасалады.
Тармақ 26
26. Бағдарламаға енгізілген тұрғын үй иелеріне кейіннен баламалы пәтерлерді бере отырып, тұрақты немесе уақытша өтеусіз жалға алу үшін қолданыстағы немесе жаңадан салынған тұрғын үйге көшіру қамтамыз етіледі.
Тарау 7. 7. Жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтары
7. Жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтары
Тармақ 27
27. Бағдарламаға енгізілген, тұрғын үйдің иесі болып табылатын, жеке және заңды тұлғаларға тең бағалы тұрғын үйді және жайлы өмір сүру ортасына құқық беруге кепіл беріледі.
Тарау 8. 8. Қажетті ресурстар
8. Қажетті ресурстар
Тармақ 28
28. Бағдарламаны қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен және басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады: облигациялық несиелер, жеке инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы тарту, екінші деңгейдегі банктердің несиелері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту, жаңғырту жобаларын іске асыру кезінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түсетін кірістер.