Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по Павлодарской области на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы «___» ______ № _______ қаулысына қосымша 2025 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы № Қосымша білім беру бағыттарының түрлері Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге 1 Ғылыми-техникалық 478 13016 2 Туристік-өлкетану 350 13016 3 Экологиялық-биологиялық 409 13016 4 Көркемдік-эстетикалық 620 13016 5 Әлеуметтік-педагогикалық 545 13016 6 Гуманитарлық 625 13016 7 Жаратылыстану-математикалық 410 13016 Барлығы: 3437