Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 11.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2025 208128_748001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25U0667013
- ЭКБ идентификаторы
- 208128
- Редакция идентификаторы
- 208128_748001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:40
0 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің
өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген), Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
4 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту үшін субсидиялау көлемдері
Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 49 қаулысына қосымша
2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді
дамыту үшін субсидиялау көлемдері
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидиялардың бекітілген шекті сомасы, теңге
Субсидиялар сомасы, теңге
1.
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
1.1
Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары
килограмм
4 494 528,2
105
(отандық өндірістің азығы үшін)
471 925 466,0
1.2
Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары
92 400
210
19 404 000,0
2.
Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары
2.1
Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 грамға дейін)
дана
470 000
15
7 050 000,0
2.2
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы
(10 грамға дейін)
дана
30 000
25
750 000,0
3.
Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алу шығыстарын субсидиялау
дана
4
500 000
870 534,0
Барлығы:
500 000 000,0