Об утверждении объемов субсидирования на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развитие племенного рыбоводства на 2025 год Қолданыста
Басқа 0
2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Басқа 7
Алматы облысы әкімдігінің
2025 жылғы 19 наурыздағы № 78 қаулысына қосымша
2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі (килограмм, дана)
Субсидияланатын көлем (теңге)
Субсидиялар сомасы
(мың теңге)
1.
Балық азықтарына тиесілі субсидиялар
1.1
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
797 848 кг
105
83 774,0
1.2
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
374 556 кг
270
101 130,0
1.3
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
104 056 кг
285
29 656,0
2.
Тұқы, албырт, бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар (БӨМ)
2.1
Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана
2 503 200 дана
15
37 548,0
2.2
Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық
3 586 000 дана
5
17 930,0
2.3
Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана
3 018 960 дана
25
75 474,0
2.4
Бекіре тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана
82 952 дана
250
20 738,0
3.
Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялар (БӨБН)
3 дана
500000
1500,0
4.
Дәрілік препараттарды сатып алуға субсидиялар
4.1
Жұқпалы аурулармен күресуге арналған антибиотиктер, антигельминтикалық препараттар тобы, иммунитетті арттыруға арналған препараттар, сыртқы ауруларға қарсы препараттар, торларды, тоғандар мен көлдерді өңдеуге арналған препараттар, су гидрохимиясын жақсартуға арналған препараттар, гипофиз
2 450 кг
5000
12 250,0
Барлығы
380 000,0