Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтін бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифі
Науырзым ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «8» қазандағы № 115 қаулысына қосымша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифі № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы Қызмет түрі Айына 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен) Күніне 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен) 1 Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі үйде 47,709.71 2,168.50