Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на четвертый квартал 2025 года Қолданыста
Басқа 0
2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
Атырау облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
«07» қазандағы № 218
қаулысына қосымша
2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ п/п
Тауар атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, теңге
1
Бірінші сортты бидай ұны
1 (бір) килограмм
361
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
1 (бір) килограмм
292
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
516
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
422
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
659
6
Картоп
1 (бір) килограмм
272
7
Асханалық сәбіз
1 (бір) килограмм
273
8
Басты пияз
1 (бір) килограмм
224
9
Ақ қауданды қырыққабат
1 (бір) килограмм
231
10
Ақ қант - құмшекер
1 (бір) килограмм
629
11
Күнбағыс майы
1 (бір) литр
1232
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
1 (бір) килограмм
3598
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
1 (бір) килограмм
1957
14
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
1 (бір) килограмм
7060
15
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
ондық
740
16
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
1 (бір) килограмм
154
17
Сүзбе: майлылығы 5 – 9%
1 (бір) килограмм
2559