Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста
Басқа 0
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 7 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданады.
Басқа 7. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Қостанай қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «20» қазан
№ 1658 қаулысына
қосымша
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
үлгісі
айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
қүніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф
(теңгемен)
1
«Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
үйде күтім жасауды ұйымдастыру
37294.47
1695.20
2
«Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға(отбасыларға) арналған бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
уақытша болуды ұйымдастыру
105680,6
3409,05
3
«Белгіленген тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
уақытша болуды ұйымдастыру
288662.46
9311.7
4
Түнгі тұру бөлімі «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
уақытша түнде қонуды ұйымдастыру
42119.24
1358.7
5
«Асыл арман» реабилитациалық мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі
жартылай стационар (тұрақты сырттан қарауды қажет ететін психоневрологиялық патологиясы бар бірінші және екінші топтағы мүгедектерге)
232 331.2
10560.5
6
«Асыл арман» реабилитациалық мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі
жартылай стационар (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға)
297559,87
13525.45
7
«Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
уақытша болуды ұйымдастыру
238338,71
7688,35