Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Темір ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «22»қазандағы № 259 қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1 2 3 4 5 1. Үй­де қыз­мет көр­се­ту 4481,03