Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста
Басқа 0
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Рудный қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 22 қазандағы
№ 918 қаулысына
қосымша
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсететін мекеменің атауы
Қызмет түрлері
Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)
1.
«Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер
18160,49
психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационар жағдайындағы қызметтер
10993,57
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған жартылай
стационар жағдайындағы қызметтер
18055,59
үйде күтім жасау жағдайында
2151,24
2.
Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
уақытша болу жағдайында
5502,05