Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год в городе Шымкент Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республкасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 8. Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
Қосымша Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «___» __________ № ___ қаулысына Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Атауы Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) Мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтер 1 Психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 451 376,6 ₸ 2 Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 327 024,2 ₸ 3 Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 339 217,8 ₸ 4 Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 292 609 ₸ 5 Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 408 572 ₸ 6 Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 334 203 ₸ 7 Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 266 010 ₸ 8 Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 140 847,4 ₸ 9 Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 164 601,7 ₸ 10 Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 42 241 ₸ Мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтер 1 Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 341 805 ₸ 2 Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 432 164 ₸ 3 Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 82 282 ₸