Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің 2025 жылға арналған тарифтерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы Қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Лисаков қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «___» ____________ № _______ қаулысына қосымша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері № р/с Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымның атауы Түрі Айына 1 қызмет алушыға тариф (теңге) Күніне 1 қызмет алушыға тариф (теңге) 1. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру 36 382,49 1 774,75 2. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедек балаларға арналған күндіз болу бөлімшесі 347 108,17 16 932,10