Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста
Басқа 0
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Федоров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «2» желтоқсан
№ 243 қаулысына
қосымша
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
Үлгісі
Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)
1
«Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
үй жағдайында
68899,57
3360,95