Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по городу Павлодар на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға Павлодар қаласы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға Павлодар қаласы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 1 көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 2041/2 қаулысына қосымша 1 көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф Р/с № Атауы Айына 1 көрсетілетін қызметті алушыға тариф (теңге) 1 2 3 Мемлекеттік мекемелер Үйде қызмет көрсету ұйымдары 1 Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 46 095,36 Уақытша болу ұйымдары 1 Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Дағдарыс орталағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 308 311,80 2 Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 188 658,98 Үкіметтік емес ұйымдар Үйде қызмет көрсету ұйымдары 1 «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры 64 993,44 2 «Бірлік» қоғамдық бірлестігі 40 287,33 Уақытша болу ұйымдары 1 «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры 209 878,84 Жартылай стационар жағдайындағы ұйымдар 1 «Альрами» Клуб Үйі» менталды ауыстқылары бар жандарға арналған қоғамдық бірлестігі 202 192,43