Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы «11» желтоқсандағы № 100/01 қаулысына қосымша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы Үлгісі Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) 1 Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ стационар 265710 8857 2 «Ұлытау-Мейірім» ҚҚ жартылай стационар 266129 12096 Ескерту: КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҚ – қоғамдық қоры