Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги в негосударственном секторе на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге арналған тарифтер
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «___» __________ № ___ қаулысымен бекітілген Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге арналған тарифтер № Атауы 1 қызмет алушыға ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге) 1. Психакалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 304 616 2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 309 506 3. I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету 289 392 4. Он сегіз жастан асқан психакалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету 343 353 5. Жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 177 729 6. Он сегіз жастан асқан психакалық-неврологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 548 769 7. Адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 236 041 8. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 473 331