Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «19» желтоқсандағы № 55/01 қаулысына қосымша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы Үлгісі Жағдай Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) 1 Жартылай стационарлық Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға 1) Орташа және ауыр 2) Ауыр 286401,0 9546,7 3) Абсолютті - - Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға 1) Орташа және ауыр 264780,0 8826,0 2) Ауыр 280683,0 9356,1 3) Абсолютті - - 2 Уақытша болу Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны зомбылықтың құрбаны 190950,0 6365,0 Адам саудасының құрбаны саудасының құрбаны 191592,0 6386,4 1 Жезқазған қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтеңдіру орталығы» КММ Уақытша болу 273090,0 9103,0 Түнгі бөлім 23925,0 797,5 Әлеуметтік патруль қызметі 2673,0 89,1 2 «Жезқазған қаласы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі» ҚБ үйде қызмет көрсету тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға 95295,0 3176,5 психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға Мүгедектігі бар азаматтар және карт адамдар Ескерту: КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚБ –құрылымдық бөлімшесі