О секвестре бюджета города Щучинска на 2025 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласы бюджетінің секвестрі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі салық түсімдері бойынша жоспардың орындалмауына байланысты 136861,7 мың теңге сомасында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Щучинск қаласы бюджетінің бюджеттік бағдарламалары секвестрленсін.
Тармақ 3
3. Іс-шараларды іске асыруды кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын нақтылай отырып, 2026 жылға ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарларын және шарттық міндеттемелерді осы шешімге сәйкес келтірсін;
Тармақша 2
2) іс-шараларды іске асыру мерзімдерін, оның ішінде қолданыстағы шарттарға өзгерістер енгізу жолымен түзетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі
Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/24 шешіміне қосымша 2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі Санаты Сома, мың теңге Сыныбы Кіші сыныбы Атауы 1 2 3 4 5 Функционалдық топ Сома, мың теңге Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Бағдарлама II. Шығындар 136861,7 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 76909,0 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 76909,0 011 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 76909,1 12 Көлік және коммуникация 59952,7 124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 59952,7 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 59952,7