Об утверждении годового отчета об исполнении бюджета Астраханского района за 2025 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025 жылға арналған Астрахан аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес «Астрахан облысының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» Ақмола облысы бойынша мемлекеттік Тексеру комиссиясының есебін негізге ала отырып, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітовтің есебі мәліметке алынсын.
Тармақ 2
2. «Астрахан ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі-қорытындысы назарға алынсын.
Тармақ 3
3. Ұсынылсын: - Астрахан аудандық әкімдігі Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес, аудан бюджетінің атқарылуын белгіленген мерзімде және белгіленген мерзімде жүзеге асырсын; - аудан дамуға бойынша арналған нысаналы трансферттерді ұлғайту жұмыс орындауды жүргізу; - иесіз мүлікті, тәркіленген жылжымайтын мүлікті, заттай дәлелдемелерді, иеліктен шығарылған мүлікті, коммуналдық меншікке белгіленген тәртіппен өтеусіз берілген мүлікті, қараусыз қалған жануарларды, табылған заттарды, сондай-ақ мемлекет меншігіне мұрагерлік құқығымен өткен мүлікті сатудан түсетін салықтық емес түсімдерді ұлғайту; - дебиторлық және кредиторлық берешекті қысқарту мақсатында тұрақты негізде жұмысты жалғастыру; - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы жұмсалуына ерекше назар аударсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.