Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2026-2027 учебный год Қолданыста
Басқа 0
2026–2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары, сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ 106 от 20.07.2026
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___»__________
№____ қаулысына қосымша
2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Білім беру саласының коды және сыныпталуы
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы
2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі
2025-2026 оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
1
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6В021 Өнер
20
1 209,3
1 055,9
6В022 Гуманитарлық ғылымдар
10
905,8
803,9
2
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B052
Қоршаған орта
2
933,6
831,8
3
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
2
1 111,4
1 009,6
4
6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6В071 Инженерия және инженерлік іс
3
1 111,4
1 009,6
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
2
1 111,4
1 009,6
6B073 Сәулет және құрылыс
2
1 111,4
1 009,6
5
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6B081
Өсімдік шаруашылығы
1
933,6
831,8
6В082
Мал шаруашылығы
1
933,6
831,8
6B084 Балық шаруашылығы
9
933,6
831,8
6B086
Су ресурстары және суды пайдалану
5
933,6
831,8
6
6B10 Денсаулық сақтау
6B101 Денсаулық сақтау
103
1 230,7
1 218,3
7
6В11 Қызмет көрсету
6В111 Қызмет көрсету саласы
3
905,8
803,9
Барлығы
163