Об определении сроков начала и завершения 2026-2027 учебного года, а также сроков проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын: 2026 жылғы 1 қыркүйек – 2027 жылғы 25 мамырды қоса алғанда: 1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы: 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 26 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда); 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 14 күн (2026 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда); 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2027 жылғы 22-28 наурызды қоса алғанда); 1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2027 жылғы 8-14 ақпанды қоса алғанда): 4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Тармақ 2
2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10)-сынып білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2027 жылғы 31 мамырдан бастап 11 маусым аралығында; 11 (12)-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2027 жылғы 1-17 маусым аралығында.
Тармақ 3
3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін: 9 (10)-сынып білім алушылары үшін:
Тармақша 1
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 31 мамыр;
Тармақша 2
2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2027 жылғы 3 маусым;
Тармақша 3
3) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2027 жылғы 7 маусым;
Тармақша 4
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 11 маусым. 11 (12)-сынып білім алушылары үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2027 жылғы 1 маусым;
Тармақша 2
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 4 маусым;
Тармақша 3
3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 9 маусым;
Тармақша 4
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2027 жылғы 14 маусым;
Тармақша 5
5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2027 жылғы 17 маусым.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, сондай-ақ әділет органдарын хабардар ете отырып жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.