Об утверждении Концепции инвестиционной политики Республики Казахстан до 2026 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы 1. Паспорт ............................................................................................................................................................... 2 2. Ағымдағы жағдайды талдау .............................................................................................................................. 3 2.1. Тікелей шетелдік инвестициялар ......................................................................................................... 3 2.2. Тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістері, сондай-ақ инвестициялық саясат саласындағы әлемдік трендтерге шолу ............................................. 3 2.3. Негізгі капиталға инвестициялар ................................................................................................... 5 2.4. Инвестициялар тарту саласындағы қолданыстағы жүйені және мемлекеттік саясатты талдау .... 5 2.5. Негізгі проблемалар мен тенденциялар ............................................................................................... 8 3. Халықаралық тәжірибеге шолу .......................................................................................................................... 9 4. Инвестициялық даму пайымы .......................................................................................................................... 12 5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері .................................................................................................... 14 1-бағыт. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту ............................................................................... 16 2-бағыт. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу ...................................... 21 3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу ............................................................................. 24 6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер ........................................................................... 26 7. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары .............................................................................................................. 29
Тарау 1. 1. Паспорт
1. Паспорт Ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­са­ты­ның 2026 жы­л­ға дей­ін­гі тұ­жы­рым­да­ма­сы Әзір­леу үшін негіз­де­ме 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Н.Ә. На­зар­ба­ев­тың 2012 жы­л­ғы 14 жел­тоқ­сан­да­ғы «Қа­зақ­стан-2050 Стра­те­ги­я­сы: қа­лып­тас­қан мем­ле­кет­тің жа­ңа са­я­си ба­ғы­ты» ат­ты Қа­зақ­стан хал­қы­на Жол­да­уы. 2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2015 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы «Ұлт жос­па­ры – 100 нақ­ты қа­дам» бағ­дар­ла­ма­сы. 3. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2025 жы­л­ға дей­ін­гі ұлт­тық да­му жос­па­рын бе­кі­ту және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің кей­бір жар­лық­та­ры­ның кү­ші жой­ыл­ды деп та­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2018 жы­л­ғы 15 ақ­пан­да­ғы № 636 Жар­лы­ғы. 4. «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2025 жы­л­ға дей­ін­гі жал­пы­ұлт­тық ба­сым­дық­та­ры ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2021 жы­л­ғы 26 ақ­пан­да­ғы № 520 Жар­лы­ғы. 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.К. То­қа­ев­тың 2022 жы­л­ғы 11 қаң­тар­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мә­жі­лі­сі­нің пле­нар­лық оты­ры­сын­да бер­ген тап­сыр­ма­сы. Тұ­жы­рым­да­ма­ны әзір­ле­у­ге және іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган, сон­дай-ақ оны іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган­дар Ұлт­тық эко­но­ми­ка, Сырт­қы іс­тер, Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му, Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, Энер­ге­ти­ка, Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі, Мә­де­ни­ет және спорт, Оқу-ағар­ту, Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім, Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар, Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау, Ден­са­улық сақ­тау, Са­уда және ин­те­гра­ция ми­ни­стр­лік­те­рі, об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі. Іс­ке асы­ру мер­зі­мі 2022 – 2026 жыл­дар
Тарау 2. 2. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Ағымдағы жағдайды талдау 2.1. Тікелей шетелдік инвестициялар Ұлттық Банктің деректері бойынша 2010 – 2020 жылдары Қазақстанға ТШИ жалпы легі шамамен 249 млрд АҚШ долл. құрады, оның ішінде 30,4 % немесе 75,6 млрд АҚШ доллары мұнай-газ секторына, 23 % немесе 42,1 млрд АҚШ долл. металл кендерін өндіруге және металлургияны дамытуға тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 39,4 млрд АҚШ доллары немесе барлық ТШИ-дің 15,8 %-ы тартылды. Ел экономикасына инвестициялар тарту процесіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Тікелей инвестициялар қоры, АХҚО және т.б. белсенді қатысады. Нәтижесінде 2015 жылдан бері экономиканың қайта өңдеу секторларында 967 млн АҚШ долларына трансұлттық компаниялардың 12 жобасы іске асырылды, шамамен 3,5 мың жұмыс орны құрылды, ал экономиканың логистика, газ химиясы және металлургия сияқты секторларында «зәкірлік инвесторлармен» бірлесіп 412 млн АҚШ долл. 5 жоба іске асырылды, онда 690 жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар тартуға ықпал етеді (мысалы, автожолдар, көтерме-тарату орталықтарын салу, ауылдарда интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік және т.б.). Бүкіл әлемде карантиндік шектеулер қолданылып, өндіріс тоқтатылып, шекаралар жабылған кезде Қазақстанда жобалардың «тоқтап қалуына» жол бермеу және жаңа инвесторларды тарту бойынша уақтылы шаралар қабылданды. Айталық, Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы шет елдердің қатысуы арқылы жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларына 41 инвестициялық жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан ТШИ үшін тартымды болып қала береді және шетелдік инвестициялар легі бойынша Орталық Азия өңіріндегі бірден-бір көшбасшы болып табылады. Алайда қазіргі геоэкономикалық және геосаяси ахуалда осы жағдайды сақтап қалу және нығайту үшін Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін күресте белсенді түрде озыңқы әрекет етуге және инвесторлар үшін неғұрлым оңтайлы жағдайлар жасауға тиіс. Сонымен қатар бүгінгі күні ТШИ-дің Қазақстанға жалпы легінде қайта инвестицияланған кірістердің салыстырмалы түрде төмен үлесі байқалады (2005 – 2020 жылдары 15 %). Әлемде бұл көрсеткіш 30-35 % құрайды. 2.2. ТШИ әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістері, сондай-ақ инвестициялық саясат саласындағы әлемдік трендтерге шолу Коронавирус пандемиясы әлемдік сауда мен инвестициялардың перспективасын нашарлатты. Пандемияның таралуына байланысты сақталып отырған шектеулерге және соның салдарынан жаһандық сұраныстың төмендеуіне байланысты протекционистік көңіл-күйдің өсуі аясында ТШИ-дің әлемдік легінің жалпы көлемінің төмендеуі орын алуда. 2015 – 2019 жылдары ТШИ әлемдік легі 27,1 %-ға қысқарды (2 трлн АҚШ долл. 859,0 млрд АҚШ долл. дейін). 2020 жылы ТШИ төмендеуі жалғасты – 2019 жылға қатысты 42,3 % (1,5 трлн АҚШ долларынан 859 млн АҚШ долл. дейін). Инвестициялық саясат саласындағы негізгі әлемдік трендтердің ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады. ESG – өлшемшарттарын қолдану негізінде инвестициялау туралы шешім қабылдау, оларды сақтамау тұтас елдер мен жекелеген компаниялар үшін капитал нарықтарының жабылуына әкелуі мүмкін. Елдердің үкіметтері ESG ұлттық стратегияларын белсенді түрде әзірлеуде және ESG күн тәртібінің жаһандық ықпалының өсуіне байланысты туындайтын тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауда. Көміртекті реттеуді қатаңдату. Таяудағы болашақта көміртекті реттеуді күшейту саясаты парниктік газдар шығарындыларының деңгейі жоғары елдер үшін елеулі проблемалар тудыруы мүмкін. Бұл өндіру-өткізу тізбегінің барлық буындарында сезілетін болады. Жаңа шектеулер белгілеу және реттеуді күшейту жөніндегі шаралардың өсуі, сондай-ақ ырықтандыру жөніндегі шаралардың төмендеуі. 2015 – 2019 жылдары әлемде инвестициялық саясаттың 588 шарасы енгізілді (жыл сайын орта есеппен 50 ел). Бұл ретте үлестік қатынаста ырықтандыру жөніндегі шаралар 13 %-ға төмендеді, ал қатаңдату жөніндегі шаралар 5 %-ға өсті. Әсіресе, бұл үрдіс 2020 жылы күшейе түсті. Айталық, қабылданған 96 инвестициялық шараның 45 %-ы реттеуді күшейтуге қатысты болды. Бірқатар дамушы елдерде бұрын шетелдік инвестициялау үшін қолжетімсіз болған экономикалық секторларға, оның ішінде жекешелендіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдары арқылы қолжетімділік берілді. Инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын белгілеу жөніндегі жұмысты күшейту. Әлемнің 108 елінің 27-сі инвесторларды заңдар мен нормативтік актілердегі ықтимал өзгерістерден қорғау туралы ережелерді қамтиды, олардың басым бөлігі өтпелі экономикасы бар елдерде. Ескі буынның халықаралық инвестициялық келісімдерін (бұдан әрі – ХИК) реформалауды жалғастыру. ХИК біртіндеп жаңартылуда. 2018 жылдан бастап тоқтатылған ХИК-тің жыл сайынғы саны жаңаларының санынан асып түседі. Барлық дерлік жаңа ХИК орнықты дамуға бағдарлану, реттеу мүмкіндіктерін сақтау (мемлекеттің реттеушілік кеңістігін сақтау) сияқты ережелерді, сондай-ақ инвестициялық дауларды реттеу тетігіне қатысты өзгерістерді немесе алып қоюларды қамтиды. 2020 жылы ХИК қорытындыларының баяулауына қарамастан, процесс жалғасуда. Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыруға инвестицияларды жүзеге асыру. 150-ден астам ел орнықты дамудың ұлттық стратегияларын қабылдады немесе ОДМ ескере отырып, қолда бар даму жоспарларын қайта қарады. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жартысына жуығында ОДМ инвестициялауға жәрдемдесудің нақты құралдары бар. 2.3. Негізгі капиталға инвестициялар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша негізгі капиталға инвестициялар (бұдан әрі – НКИ) 2010 жылдан бері 4,7-ден 12,3 трлн теңгеге дейін өсті. Алайда елдің ЖІӨ-дегі НКИ үлесі іс жүзінде өзгермейді және шамамен 16 – 18 %-ды құрайды. Негізгі капиталға инвестициялардың тұрақты өсуіне қарамастан, өндірушілерден басқа, экономиканың көптеген салалары инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттың тапшылығын сезінуде. Бұған негізгі құралдар тозуының жоғары деңгейі және тартылатын инвестициялардың жеткіліксіз әртараптандырылуы дәлел бола алады. Жекелеген салалар бойынша ескіру 50-70 %-ға жетеді. Инвестицияны көп қажет ететін негізгі сала тау-кен өндіру өнеркәсібі болып қала береді, 2010 жылдан бері оның үлесіне инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 34 %-ы тиесілі. 2.4. Инвестициялар тарту саласындағы қолданыстағы жүйені және мемлекеттік саясатты талдау Бүгінде Қазақстанда республика аумағында инвестициялық қызметті дамыту бойынша шаралар қабылдануда, құқықтық база қалыптастырылды (Кәсіпкерлік кодексі, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заң, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс, салық, кеден және жер заңнамасы). Инвесторлармен ашық және сындарлы диалогты жолға қою арқылы оларды қолдаудың көп деңгейлі инфрақұрылымы жасалды және жұмыс істейді, инвестициялық капиталды тарту үшін ашық, тұрақты және болжамды жағдайлар жасауға ерекше назар аударылады. Қазақстанда инвесторларды әртүрлі салықтар мен кедендік баждардан босататын 13 арнайы экономикалық аймақ пен 36 индустриялық аймақ жұмыс істейді. АЭА жер учаскесін, орнатылған инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді, оның міндеттерінің бірі Англия мен Уэльстің құқық қағидаттарында және халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарында ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу болып табылады. Инвесторлардың нақты және жүйелі проблемалы мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі, Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Инвестициялық омбудсменнің функциялары Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жүктелген. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания шетелдік және өңірлік өкілдермен бірге құрылған үш деңгейлі жүйе шеңберінде Үкімет атынан нысаналы трансұлттық компаниялармен және ірі инвесторлармен «бірыңғай келіссөз жүргізуші» функциясын орындайды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейін «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар инвестициялар саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асырудың алдыңғы тәжірибесі және жаһандық бәсекелес ортада болып жатқан өзгерістер инвестицияларды тарту және ұстап қалу саласындағы қолданыстағы жүйе мен мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру қажеттігін талап етеді. SWOT-талдау инвестицияларды тарту тиімділігіне әсер ететін мынадай аспектілерді анықтады. Кү­ш­ті жақ­та­ры: 1. Іс­ке асы­ры­лып жа­тқан мем­ле­кет­тік са­я­сат шең­бе­рін­де ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту мә­се­ле­сіне мем­ле­кет та­ра­пы­нан жо­ға­ры на­зар ауда­ры­лу­да. 2. Қо­лай­лы іс­кер­лік аху­ал. 3. Еле­улі ми­не­рал­дық-ши­кі­зат ба­за­сын ие­ле­ну­і­нің нәти­же­сін­де ел­дің жо­ға­ры ин­ве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғы. 4. ЕА­ЭО, Ор­та­лық Азия, Қы­тай және Үн­ді­стан­ның ірі тұ­ты­ну на­рық­та­ры­на қол­же­тім­ді­лі­гі бар Қа­зақ­стан­ның ти­ім­ді гео­гра­фи­я­лық жағ­дайы. 5. Ел эко­но­ми­ка­сы­на ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту­ға жәр­дем­де­су­ге ба­ғыт­тал­ған да­му ин­сти­тут­та­ры жүй­е­сі­нің бо­луы. Әл­сіз жақ­та­ры: 1. Ин­ве­стор­лар­дың сот жүй­е­сіне де­ген се­нім дең­гей­і­нің тө­мен­ді­гі. 2. Мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар ти­ім­ді­лі­гі­нің жет­кі­лік­сіз­ді­гі. 3. Ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту және ұстап қа­лу жө­нін­де­гі жұ­мыс шең­бе­рін­де әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен да­му ин­сти­тут­та­ры ара­сын­да­ғы ве­дом­ство­ара­лық өза­ра іс-қи­мыл­дың ти­ім­ді­лі­гі жет­кі­лік­сіз. 4. Ин­ве­стор­лар­ды ақ­па­рат­тық және ком­му­ни­ка­ци­я­лық қол­да­удың жет­кі­лік­сіз да­мы­ған жүй­е­сі. 5. Сырт­қы ин­ве­сти­ци­я­лар­ды қор­ғау және іл­ге­рі­ле­ту жө­нін­де­гі са­я­сат­тың бол­мауы. 6. Ин­ве­стор­лар үшін жет­кі­лік­сіз да­мы­ған ин­фра­құ­ры­лым (кө­лік-ло­ги­сти­ка­лық, өн­ді­рі­стік, ин­же­нер­лік, са­уда ин­фра­құ­ры­лы­мы). 7. Эко­но­ми­ка­да­ғы негіз­гі қор­лар то­зуы­ның жо­ға­ры дең­гейі және со­ның сал­да­ры­нан шы­ға­сы­лар­дың жо­ға­ры дең­гейі және ең­бек өнім­ді­лі­гі­нің тө­мен­ді­гі. 8. Ин­ве­сти­ци­я­лық заң­на­ма­ның же­тіл­ме­ген­ді­гі. 9. Заң жо­ба­ла­ры мен өзге де рет­теу құ­жат­та­рын әзір­леу және тал­қы­лау про­це­сіне ин­ве­стор­лар­ды тар­ту­дың тө­мен­ді­гі. 10. Ин­ве­стор­лар үшін ва­лю­та­лық тәу­е­кел­дер. Мүм­кін­дік­тер: 1. Ел­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық ре­жим­ді одан әрі ырық­тан­ды­ру, әлем­дік ка­пи­тал на­рық­та­рын­да ел­дің оң ин­ве­сти­ци­я­лық ими­джін ны­ғай­ту. 2. Әлем­дік эко­но­ми­ка мен Қа­зақ­стан эко­но­ми­ка­сын­да­ғы құ­ры­лым­дық өзге­рі­стер­ді ес­ке­ре оты­рып, қол­да­ны­с­та­ғы ин­ве­сти­ци­я­лық ке­лі­сім­дер­ді қай­та қа­рау. 3. «Жа­сыл» эко­но­ми­ка­ға бір­т­ін­деп кө­шу­ге және цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды да­мы­ту­ға ық­пал ете­тін жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру. 4. ЕА­ЭО на­рық­та­ры­на, атап ай­тқан­да, Ре­сей мен Ор­та­лық Азия ел­де­ріне бағ­дар­лан­ған жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру. 5. Ор­нық­ты да­му мақ­сат­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ға ын­та­лан­ды­ру­дың же­ке­ле­ген ша­ра­ла­рын құ­ру. 6. АХ­ҚО ала­ңын, оның ішін­де оның құқық­та­ры мен ин­ве­сти­ци­я­лық да­у­лар­ды ше­шу те­тікте­рін қол­да­ну. Қа­уіп­тер: 1. Са­я­си тұ­рақ­сыздық сал­да­ры­нан ел­дің ин­ве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғы­ның тө­мен­де­уі. 2. Ми­не­рал­ды-ши­кі­зат ба­за­сы­ның сар­қы­луы. 3. Ел­дер­дің кө­мір­те­гі бей­та­рап­тығ­ы­на кө­шуі нәти­же­сін­де Қа­зақ­стан­ның та­би­ғи ре­сур­ста­ры­ның ин­ве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғы­ның тө­мен­де­уі. 4. Іш­кі ин­ве­стор­лар­дың тө­мен ин­ве­сти­ци­я­лық бел­сен­ді­лі­гі және ше­тел­дік ка­пи­тал ағы­ны­ның тө­мен­де­уі. 5. Эко­но­ми­ка мен ин­ве­сти­ция ба­ғы­ты­ның құ­ры­лым­дық тең­ге­рім­сіз­ді­гі сал­да­ры­нан эко­но­ми­ка­да­ғы жо­ға­ры тәу­е­кел­дер­дің сақ­та­луы. 6. Негіз­гі ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар­дың, сон­дай-ақ ТШИ өсу қар­қы­ны­ның қы­сқа­руы және (неме­се) тө­мен кө­ле­мі сал­да­ры­нан ел­дің қа­зір­гі бә­се­ке­ле­стік ар­тық­шы­лық­та­ры мен өнер­к­ә­сіп­тік әле­уе­тін жо­ғал­ту. 7. Ин­ве­сти­ци­я­лар үшін, оның ішін­де көр­ші ел­дер та­ра­пы­нан жа­һандық бә­се­ке­ле­стіктің ши­е­ле­ні­суі және со­ның сал­да­ры­нан Қа­зақ­стан­нан ше­тел ин­ве­сти­ци­я­ла­ры­ның ық­ти­мал ке­туі. Жоғарыда келтірілген әлсіз жақтарды есепке алмау кейіннен инвестициялар тарту үшін анықталған әлеуетті қатерлердің іске асырылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ал көрсетілген күшті жақтарды тиімді пайдалану қолда бар мүмкіндіктерді іске асыруға әкелуі мүмкін. Тұтастай алғанда, Қазақстан Үкіметі инвестициялық процестердің дамуына кедергі келтіретін және сол арқылы елдегі инвестициялық ахуалды нашарлататын әкімшілік және заңнамалық кедергілерді жою жөніндегі реформаларды дәйекті түрде іске асыруда. Мұны инвесторлардың сауалнамалары да растайды, олар соңғы жылдары осы салада прогресс байқалып отырғанын көрсетеді. Алайда бірқатар проблемалар әлі де сақталуда. 2.5. Негізгі проблемалар мен үрдістер Ел экономикасына инвестициялар тартуды тежейтін негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік реттеу және басқару: мемлекеттің экономикаға араласуы (баға белгілеу, монополиялау, квазимемлекеттік сектор қатысуының жоғары үлесі, қазақстандық қамту туралы талаптар); инвесторлардың сот жүйесіне және құқық қорғау органдарына деген сенімінің төмендігі, оның ішінде олардың жеке капиталды нашар қорғауы (тәркілеу тәуекелінің жоғарылығы); кәсіпкерлердің кең ауқымы үшін бәсекелес нарықтарға қол жеткізуді шектейтін бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қоса алғанда, бәсекелестік жеткілікті дамымауы; мемлекеттік инвестициялар тиімділігінің жеткіліксіздігі (5 мемлекеттік бағдарламаның қорытындысы бойынша 224,2 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар (2020 жылы), оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 9,9 млрд теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 214,3 млрд теңге); әртүрлі мемлекеттік органдар мен даму институттары арасындағы тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі; шектен тыс бюрократия (қаражат бөлу, жергілікті деңгейдегі түрлі инстанцияларда құжаттар алу мерзімдерін созу); сыртқы инвестицияларды, оның ішінде ESG күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған инвестицияларды қорғау және ілгерілету саясатының болмауы; инвесторларды ақпараттық және коммуникациялық қолдау жүйесінің жеткілікті дамымауы.
Тармақ 2
2. Өндіріс факторларының проблемалары: инженерлік инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы және дайын өндірістік үй-жайлардың болмауы; қолжетімді жер ресурстарының жетіспеушілігі (көбінесе ең жақсы жер учаскелері сатып жіберілген); инвестициялық әлеуетті дамыту үшін қолжетімді қаржы ресурстарының жетіспеушілігі және олардың әралуандығының мардымсыздығы; негізгі қорлардың ескіруі (негізгі қорлардың тозуының ұлғаюы – 34,2 %-дан 42,8 % дейін (2016 – 2020 жылдар); білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі; өңдеу өнеркәсібіндегі индустриялық кәсіпкерлердің тым аздығы; өнеркәсіпті және онымен байланысты құрылымдарды (оқыту, логистика, өткізу, стандарттар және т.б.) біріктіруге ықпал ететін цифрлық платформаның болмауы.
Тармақ 3
3. Құқықтық реттеу: инвестициялық заңнаманың жетілмегендігі (нормалардың айқын түсіндірілмеуі, өзгерістер мен толықтырулардың жиі енгізілуі); заң жобалары мен өзге де реттеу құжаттарын әзірлеу және талқылау процесіне инвесторлардың аз тартылуы.
Тармақ 4
4. Құрылымдық проблемалар: салалар мен өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялардың және ТШИ-ге әртараптандырылмауы құрылымының; ішкі тұтыну нарығының шағын сыйымдылығы (Дүниежүзілік банктің1 деректеріне сәйкес бұл фактор инвесторлар назар аударатын 15 фактордың үздік 6-на кіреді. Зерттеулер іске асырылатын ТШИ жобаларының саны2 мен халық саны арасында корреляцияның болуын растайды. Орасан зор аумағы бар Қазақстан халқының саны небәрі 19,1 млн адам ғана); әріптес елдердің тарифтік және тарифтік емес реттеу кедергілері; инвесторлар үшін валюталық тәуекелдер; көміртекті реттеу жүйесін қоса алғанда, ESG елдік стандарттарының болмауы. ________________________________ 1 https://openknowledge.worldbank.org/bitstream/handle/10986/33808/9781464815362.pdf 2 https://www.investmentmonitor.ai/analysis/fdi-drivers-and-domestic-markets-does-size-matter
Тарау 3. 3. Халықаралық тәжірибеге шолу
3. Халықаралық тәжірибеге шолу ТШИ тартудың әлемдік тәжірибесін талдау ынталандыру жиынтығының әр елде әрқилы екенін көрсетеді. Мысалы, 15 жылдан астам уақыт бойы өз аумағында шетелдік өнеркәсіптік жобаларды орналастыру бойынша Еуропада бірінші орынды бермей келе жатқан Францияда шетелдік инвесторлар өз жобаларын жүзеге асыру үшін Францияны таңдайды. Франция өзінің беделін қамтамасыз ететін бірқатар артықшылықтарға ие: достас, шетелдіктерге құшақ жаятын бизнес-орта, еуропалық нарыққа қолжетімділік, жоғары сапалы көлік және байланыс инфрақұрылымы, білікті және өнімді жұмыс күші, инфляция күрт құбылмайтын және ауытқымайтын тұрақты экономика, инвесторлар үшін салықтық және басқа да ынталандырулар, сапалы банктік және ілеспе қызметтер. Корея Республикасында кәсіпкерлік ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде жолдар мен инфрақұрылым құрылысы, еркін сауда аймақтарын, еркін экономикалық аймақтарды, шетелдік инвестициялау аймақтарын, бажсыз сауда аймақтарын, индустриялық кешендерді құру бар. Сонымен қатар Кореяда шетелдік инвестицияларды қолдауға және ынталандыруға бағытталған қуатты құқықтық база құрылған. Алайда бұл ретте негізгі ұлттық технологиялардың сыртқа кетуіне жол бермеу үшін шетелдік инвестицияларды іріктеудің қатаң тетігі де бар. Халықаралық капитал қозғалысына Аустрия белсенді қатысады. Оның стратегиялық міндеті Аустрия мен оның астанасы Венаның аустриялық және шетелдік капиталды салу үшін халықаралық экономикалық, қаржылық және кәсіпкерлік белсенділік орталығының бірі ретіндегі тартымдылығын арттыру болып қала береді. Аустрия бизнес үшін континенталды Еуропадағы ең қолайлы елге айналуда. Онда қажетті өндірістік инфрақұрылым мен білікті кадрлары болып қана қоймай, сонымен қатар жалдау ақысы мейлінше төмен және өмір сүру сапасы деңгейі анағұрлым жоғары. Аустрияның инвестициялар саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қағидаты – кәсіпорындарға инвестициялау бағыттары мен оларды қаржыландыру көздерін таңдауда еркіндік беру. Аустрияда өзара түсіністік шарттарында шетелдік инвестицияларға ТШИ-ді алдын ала мақұлдауға қойылатын кеңейтілген талаптары бар ұлттық режим («Инвестицияларды бақылау туралы» Заң) ұсынылады. Инвестициялық қызметті мемлекеттік ынталандыру тікелей бюджеттік қаржыландыру арқылы ғана емес, сонымен қатар арнайы қорлар жүйесі арқылы, сондай-ақ федералды және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады. АҚШ-та «Даму мақсатында инвестицияларды оңтайландыру» Заңы қабылданды және іске асырылуда, ол дамуға жәрдемдесу мақсаттарын толықтыруға және АҚШ-тың сыртқы саяси мүдделерін іске асыруға ықпал етуге тиіс. Бұл заң неғұрлым сенімді және икемді инвестициялық құралдарды қолдануға, даму жобаларына техникалық көмек көрсетуге және қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді. Заңға сәйкес Халықаралық қаржы даму корпорациясы (International Development Finance Corporation) жұмыс істейді, оның қызметі АҚШ бизнесінің табыс деңгейі төмен және орташа елдерге салым салуы үшін қолжетімді ақша қаражатының көлемін ұлғайтуға бағытталған. Штаттар мен жергілікті билік органдарына «өз» аумағын экономикалық дамытуда, жергілікті бизнесті, сондай-ақ экспортты қолдауда, шетелдік капиталды тартуда және тиісінше шетелдік инвесторды бақылауда, фискалдық ынталандыру шараларын ұсынуда ерекше дербестік берілген. Сондай-ақ көршілес Қытай мен Өзбекстанда инвестициялар тарту тәжірибесі де атап өтерлік, онда осы бағыттағы жұмыстардың жандануы байқалады және мынадай шаралар іске асырылуда. Қытай: кейбір салаларда «қара тізімді» қысқарту және шетел қаржыландыратын кәсіпорындардың кіруіне реттеуші ауыртпалықты әлсірету есебінен шетелдік инвестициялар үшін елдің ашылуы («шетелдік капиталды пайдаланудың 14-ші бесжылдық (2021 – 2025 жылдар) жоспары»); инвестицияларды шектеу және ілгерілету жөніндегі шаралар: шетелдік инвесторлар үшін шектеулері бар секторлар белгіленеді, шетелдік капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу процесі оңтайландырылады («Шетелдік инвестициялар туралы» жаңа Заң және оны қолдану туралы заңға тәуелді актілер); шетелдік инвестициялар бар ұйымдардың шағымдарын қараудың жаңа тетігі (шағымдар тізімі кеңейтілді); ынталандырылатын салаларға шетелдік инвестициялар үшін баждан босату; Хайнань еркін сауда портына шетелдік инвестициялардың қолжетімділігі үшін арнайы әкімшілік шараларды жою. Өзбекстан: «Инвестициялар және инвестициялық қызмет туралы» жаңа Заң және инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және монополияға қарсы заңнамаға қатысты инвестициялық келісімдердің арнайы ережелері; басым салаларға инвестициялау кезінде жеке тәртіппен берілетін қосымша жеңілдіктер; сыртқы инженерлік желілер мен байланыс желілерінің құрылысын қаржыландыруға байланысты инвестициялық субсидиялар; Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің бірыңғай терезесін құру; «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа Заң; рұқсат беру құжаттары мен лицензиялардың санын қысқарту; Экспортты және инвестицияларды дамыту жөнінде мемлекеттік комиссия құру; валюталық операцияларды жеңілдету; ауыл шаруашылығы өндірісі мен экспорты үшін жаңа еркін экономикалық аймақ құру; халықаралық коммерциялық дауларды реттеу («Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» жаңа Заң); жер қойнауын пайдалануға салынатын салықтарды азайту және елде өндірілмейтін жабдықтарды, материалдық-техникалық ресурстарды және арнайы жабдықтарды кедендік баждардан босату. Өз кезегінде Қазақстан Франциядан шетелдік инвесторлар үшін нарық ашықтығын, Кореядан – әлеуетті инвесторлар тартуда және шетелдік инвестицияларды іріктеу кезінде айқындықты; АҚШ-тан икемді және сонымен бір мезгілде нақты келісілген өңірлік және мемлекеттік саясат арқылы ел экономикасына инвестициялар легінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, Аустриядан арнайы қорлар жүйесі арқылы инвестицияларды ынталандыруды, Қытай мен Өзбекстаннан экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту бойынша тиімді жеңілдікті саясатты алуына болады. Бұдан басқа соңғы уақытта ESG мәселелерінің интеграциясы әлемдік инвестициялық практикаға дендеп еніп келеді. Әлемдік практикада мемлекеттік деңгейде ESG күн тәртібін ілгерілетудің 3 негізгі әдісі пайдаланылады:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік операциялар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде ESG қағидаттарын қабылдау (негізінен зейнетақы қорлары бойынша).
Тармақ 2
2. ESG саясаты мен қағидаларын енгізу.
Тармақ 3
3. ESG факторларын мемлекеттік активтер мен міндеттемелер бойынша шешімдерге енгізу. Еуропалық орталық банк, сондай-ақ АҚШ Федералды резервтік жүйесі ірі қаржы институттары үшін климаттық стресс-тестілеуді – климаттық өзгерістерге ұшырауды бағалауды енгізді. Қазіргі уақытта Қытай қаржы институттары мен қаржы жүйесін стресс-тестілеуге климаттың өзгеру қаупін енгізуде. Аустралия климаттық қауіптерге қатысты инвестициялар жөніндегі нұсқаулықпен жұмысты аяқтау үстінде. ЭЫДҰ мен Дүниежүзілік банк елдердің үкіметтеріне (атап айтқанда, қадағалау органдарына) ESG-ді ашу үшін есептіліктің өзектілігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етуді ұсынады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар банктерге ESG интеграциясын кеңейтуге және кредит беру кезінде жан-жақты тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін басқару қағидаттарын енгізу қажеттігіне назар аударады.
Тарау 4. 4. Инвестициялық даму пайымы
4. Инвестициялық даму пайымы Мемлекеттік инвестициялық саясат сапалы шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту арқылы ел экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесуге, соның нәтижесінде экономикалық белсенділік пен халықтың табысының өсуіне, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталатын болады. Инвестицияларды тарту саясаты ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын ескере отырып қайта қаралады. Инвестициялар тарту мәселесінде, атап айтқанда, оларға ESG қағидаттарын енгізу және қолдану есебінен отандық инвестициялық жобалардың тартымдылығын арттыру арқылы АХҚО әлеуетін іске қосу мүмкіндігі қаралатын болады. Шетелдік, сол сияқты ішкі инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің қолайлы «режимін» қамтамасыз ету арқылы жеке инвестицияларды тартуға баса назар аударылатын болады. Нарыққа жаңа қатысушылардың пайда болуына немесе кәсіпкерлік субъектілері арасындағы бәсекелестікті күшейтуге бағытталған кәсіпкерлікті және инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың басты мақсаты шетелдік және ішкі инвесторлардың қызметін жүзеге асыру және ел халқының жоғары тұрмыс сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңғыртуды, құрылымдық өзгерістерді және ұлттық экономиканың орнықты өсу қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс қолда бар шикізаттық әлеуетті, құзыреттерді және экономикалық тиімділікті ескере отырып жүргізіледі. Мемлекет жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын тартуды кезең-кезеңімен барынша азайтатын болады және мемлекеттік инвестициялық жобаларды тиімді игеру мен іске асыруды 100 % қамтамасыз етуге және ұлттық жобалар мен МЖӘ жобалары шеңберінде жеке бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге баса назар аударады. Бұл ретте салықтық-бюджеттік тұрақтылықты сақтау мақсатында мемлекеттік инвестициялар ерекше жағдайларда ғана жеке капитал жетіспейтін жоғары технологиялы және капиталды қажет ететін жобаларға бағытталатын болады әрі олар сапалы инвестицияларды көздейді. Мұндай инвестициялар кемсітусіз, деңгейлес сипатта болады. Қолайлы инвестициялық ортаны нығайту жөніндегі жұмыс инвестициялық саясаттың ашықтығын одан әрі арттыруға, әділ бәсекелестікті дамытуға және қорғауға, инвесторлар үшін икемді және берік инфрақұрылымды жақсартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті нығайтуға бағытталады. Ел экономикасына инвестициялардың қосымша көлемін тарту мақсатында инвестициялардың баламалы көздерін дамыту, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін күшейту, МЖӘ тетіктерін трансформациялау, көлеңкелі экономиканы қысқарту жөнінде шаралар қабылданады. Инвестициялық саясатты іске асыру шеңберінде экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы жаңа өндірістер құруға, құн жасау мен жеткізудің өңірлік және жаһандық тізбектеріне кіруге, қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықты дамытуға басымдық берілетін болады. Шикізаттық емес секторға инвестициялар тарту және дамудың шикізаттық моделінен алшақтау үшін еңбек өнімділігінің өсуі, экспорттың көлемін ұлғайту және күрделілігін арттыру, сондай-ақ өндірістерді кезең-кезеңімен жергіліктендіру негізгі бағдарға айналады. Преференциялардың орнына экономиканың шикізат секторларына инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасады, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылар үшін бұл жаңа кен орындарын барлау және игеру үшін жеңілдіктер болуы мүмкін. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жаңа өңдеп жасауды (мұнай-химия, газ өңдеу, мұнай сервисі қызметтері) экологиялық дамытуға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға, отандық қайта өңдеушілер үшін шикізат базасын қамтамасыз етуге, геологиялық барлауда – мұнайды, газды, табиғи битумды, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды іздеуге, барлауға және өндіруге жеке инвестицияларды тартуға баса назар аударылатын болады. Энергетикада – бұл ресурс тиімділігін арттыру және төмен көміртекті энергия көздерін дамыту, АӨК-те – инфрақұрылымды дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық инвесторларды таргеттеу және экономика салаларында жаңа экожүйелерді қалыптастыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Көрсетілетін қызметтер секторында Қазақстан саудаға, көлік пен логистикаға, денсаулық сақтауға, білім беруге, туристік салаға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, ғарыш саласына инвестициялар тартуға назар аударады. Қызмет көрсету саласында қажетті инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық ахуалды жетілдіруге, жаңа инвестициялық жобаларды іздеуге және іске асыруға баса назар аударылатын болады. Жұмыс істеп тұрған өндірістерде ЭЫДҰ стандарттары бойынша ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге және «жасыл» технологияларды дамытуға, баламалы энергия көздерін, оның ішінде «жасыл» сутегіні дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. «Жасыл» жобаларға инвестициялар тартуды ынталандыру орнықты даму (ОДМ 7 «Арзан және таза энергия», ОДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ОДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым»), карбоннан арылу мақсаттарына қол жеткізуді ескере отырып және жобаларды іске асыру кезінде ESG қағидаттарын ілгерілету негізінде жүргізілетін болады. Шетелдік инвесторлармен инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту үшін басым бағыттардың бірі трансшекаралық инвестициялық ынтымақтастықты (Ресей, Өзбекстан, Қытай) және Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту болады. Осы Тұжырымдама негізгі үш бағытты:
Тармақша 1
1) инвестициялық экожүйені одан әрі дамытуды;
Тармақша 2
2) жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесуді;
Тармақша 3
3) экономиканың инвестициялық әлеуетін ашуды іске асыру шеңберінде елдің инвестициялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін басқа да саясаттармен үйлестірілген біртұтас мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталған. Бірінші бағыт шеңберінде мемлекеттік реттеу мен басқаруға, сондай-ақ инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің жетілдірілмеуіне байланысты проблемалық мәселелер шешілетін болады. Екінші бағытты іске асыру жеке сектордан жаңа инвестициялар тартуды жандандыру бойынша, оның ішінде құрылымдық проблемаларды еңсеру және өндіріс факторларының тиімділігін арттыру үшін мәселелерді шешуге ықпал ететін болады. Үшінші бағыт экономиканың инвестициялық әлеуетін одан әрі ашу бойынша қажетті жүйелі шараларды айқындайды. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын іске асырудың түйінді міндеттері, негізгі қағидаттары мен тәсілдері осы Тұжырымдаманың 5-бөлімінде көзделген.
Тарау 5. 5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатта сабақтастық сақталады және ол мынадай қағидаттарды сақтауға негізделетін болады: заңның үстемдігі – ешкім заңнан жоғары бола алмайды, мемлекеттік органдар, шенеуніктер және инвесторлар заң алдында тең; әділдік пен теңдік – барлық инвесторлар үшін мемлекеттік ынталандыру дәрежесі инвестициялардың құндылығына байланысты болады; жеке сектордың жетекші рөлі – жеке капиталды, әсіресе, шағын және орта бизнесті тарту тетіктері мен практикасын кеңейту есебінен қаржыландырудың жеке көздерін белсенді тарту; нысаналы мақсат – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірістерінің жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға және бәсекеге қабілетті жаңаларын құруға сапалы инвестициялар тартуға шоғырлану; ынтымақтастық және кері байланыс – тұрақты диалог жолымен инвесторлармен жүйелі және нақты өзара тиімді өзара іс-қимыл; негізділік пен тиімділік – қабылданатын шешімдердің әлеуметтік-экономикалық орындылығы; жүйелілік және теңгерімділік – мемлекеттік мүдделерге сәйкес және өңірлік және салалық дамудың ерекшелігін ескере отырып, инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру; жариялылық (ашықтық) – мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асырудың барлық сатыларында оны қалыптастыру және іске асыру туралы ақпаратқа ашық қол жеткізу; ESG – әлеуметтік жауапты инвестициялау қағидаттарын ұстанатын секторларға инвестициялар тарту (қоршаған орта алдындағы жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік, басқарудың жоғары сапасы); «Жасыл экономика» – неғұрлым экологиялық және орнықты технологияларды пайдалана отырып, жобаларға инвестициялар тартуға негізделген экономика мен өнеркәсіптің «жасыл өсуіне» кезең-кезеңімен көшу; мониторинг және бағалау – инвестициялық саясатты іске асыру процесінде жағдайды үнемі қадағалау және басқару, оның тиімділігін жүйелі негізде бағалау, бағамды түзету мүмкіндігі. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес мемлекеттік сектордың үстем рөлінен бәсекелес орта құруға және экономикаға, әсіресе, жоғары технологиялы өндірістерге жеке инвестицияларды тиімді тартуға көшу 2025 жылға қарай қағидатты өзгеріс болады. Тұжырымдамаға енгізілген пайым, қағидаттар мен тәсілдер тиімді инвестициялық саясатты іске асыру есебінен, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың экономикалық белсенділігі мен табысын өсіруге бағытталған. Тұжырымдама ведомствоаралық және салааралық сипатқа ие, оның түйінді рөлі инвестициялық саясат және салалық және өңірлік ерекшелікті ескере отырып, оны іске асыру бойынша мемлекеттік және жеке ұйымдарды үйлестіру саласындағы бағдарлар мен тәсілдердің тұтас жүйесін құру болып табылады. Осыған байланысты отандық ШОК-тың инвестициялар саласындағы кәсіпкерлік бастамасы мен әлеуетін күшейту, экономиканы мемлекет иелігінен алу және бәсекелестікті дамыту, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және сауданы дамыту жалпы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде қамтамасыз етілетін болады. Негізгі қорлардың ескіруін, өндірістік инфрақұрылымды дамытуды, индустриялық кәсіпкерлер санының тым аз екенін және өңдеуші өнеркәсіпте цифрландырудың жеткіліксіздігін қоса алғанда, құрылымдық мәселелер мен өндіріс факторларының проблемаларын шешуге 2021 – 2025 жылдарға арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы бағытталған. Білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселелері 2021 – 2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру есебінен шешілетін болады. Бұл ретте инвестициялық саясаттың бағыттылығын және экономиканың дамуына әрбір сала мен сектордың үлесін ескере отырып тәсілдердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында басты назар өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тартуға аударылатын болады. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін басым тауарлар тізбесіне сәйкес жүргізілетін болады. Сонымен қатар инвестициялық ұсыныстар дайындау және әлеуетті инвесторлармен тауаша жобалар, оның ішінде кезең-кезеңімен жергіліктендіру, әлемдік деңгейдегі көрсетілетін қызметтерді дамыту, технологиялар мен құзыреттер трансферті арқылы шикізат секторында және көрсетілетін қызметтерде белсенді нақты жұмыс қамтамасыз етіледі. Осылайша, ағымдағы ахуалды, жаһандық трендтерді талдауды және тұжырымдамада көзделген инвестициялық даму пайымы мен негізгі қағидаттарды ескере отырып, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді үш бағыт бойынша іске асыру болжанып отыр: 1-бағыт. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту
Тармақ 1
1. Қолайлы инвестициялық ортаны нығайту Ел экономикасына ТШИ жалпы легін сақтау және ұлғайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялау және бизнес жүргізу үшін барынша тартымды жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларды ТШИ әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістеріне бейімдеуге бағытталған инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімдерге тексеру жүргізілетін болады, сондай-ақ қолда бар келісімдерді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіледі. Инвесторларды тарту, сүйемелдеу және қолдау жөніндегі институционалдық тетіктерді одан әрі жетілдіру шеңберінде заң үстемдігінің халықаралық стандарттарын сақтай отырып, инвестициялық дауларды жедел реттеуге назар аударылатын болады, оның ішінде қазақстандық және халықаралық практиканы талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен іскерлік мүдделерін сақтай отырып, оларды шешу мақсатында негізгі шетелдік инвесторлардың проблемалы мәселелерін Үкімет деңгейінде мезгіл-мезгіл қарауды ұйымдастыру негізінде инвестициялық дауларды сот тәртібімен реттеу және шешу жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Салық және кеден заңнамасын қолдану практикасы саласында инвесторлар мен мемлекет арасында даулардың туындауын болғызбау үшін салық қызметтері органдарының ақпараттық ресурстарында құқық қолдану практикасы кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыратын салық және кеден заңнамасының нормаларын бірыңғай түсіндіру жөніндегі түсіндіру нұсқаулықтарын және/немесе ақпараттық материалдарды орналастыруды қамтамасыз ету жалғасатын болады. Шетелдік бизнес-қоғамдастықпен іскерлік байланысты кеңейту және шетелдік инвесторлардың ұтқырлығын күшейту мақсатында қолданылу мерзімі ұзартылған іскерлік визаларды алу рәсімдерін оңайлатуды қоса алғанда, визалық және көші-қон режимін одан әрі оңайлату жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде инвестицияларды тартуға және ұстап қалуға жауапты лауазымды адамдардың қызметтік өкілеттіктері мен жеке жауапкершілігін кеңейту бойынша шаралар пысықталатын болады. Бұл ретте үйлестіру орталық мемлекеттік органдарда қалады. Жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлерде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету бөлігінде инвесторлардың құқықтарын қорғау, олардың кепілдіктері мен қолдау жүйесінің ашықтығын арттыру үшін тең және қолжетімді жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдамалық ұсынымдар әзірленеді, сондай-ақ олардың шағымдарына жүйелі және жедел ден қою мақсатында инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін диалог алаңдары мен тетіктері жетілдіріледі. Инвесторлармен өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында инвестициялық саясатты іске асыру процесіне және инвесторлармен жұмыс істеуге тартылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін инвестицияларды тарту және ұстап қалу саласындағы кәсіптік құзыреттерді арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл шаралар өңірлерге инвестициялар легін ұлғайтуға, инвестициялық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға және инвесторлар мен өңірлік билік органдары арасындағы коммуникация арналарын нығайтуға ықпал етеді. Ұлттық инвестициялық invest.gov.kz порталында шетелдік инвесторлар мен отандық компаниялар арасында сауда логистикасын жақсарту және өндірістік-өткізу байланыстарын дамыту шеңберінде жергілікті компаниялармен өндірістік-өткізу байланыстарын құру бойынша шетелдік инвесторларды сервистік қолдау туралы келісімдер жасасу мақсатында жоғары сапалы өнім (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) өндіруді және жеткізуді жүзеге асыратын отандық өнім берушілердің жалпыға қолжетімді тізбесін жүргізу жалғасады. Процестің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұл тізбе салалық және бизнес-қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдерін тарта отырып қалыптастырылатын болады. Бұдан басқа, отандық өндірушілерді тапсырыстармен барынша қамту мақсатында көрсетілген тізбе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ ұлттық инвестициялық invest.gov.kz порталында ашық қолжетімділікте жарияланады. Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың нәтижелілігін бағалау үшін өңірлерде жыл сайынғы негізде инвестициялық ахуалға мониторинг жүргізілетін болады. Алынған ақпаратты талдау және бағалау негізінде өңірлерде қажетіне қарай осы бағытта жүргізілетін жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Тарту процесінің барлық кезеңдерінде баяу және барынша ресмиленген бюрократиялық рәсімдер мен шамадан тыс әкімшілік реттеу Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың негізгі кедергілерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты нормативтік құқықтық актілерге қайталанатын функцияларды, инвестициялар тарту процесін бюрократияландыруды күшейтетін артық процестерді анықтау тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі. Сондай-ақ рұқсат беру/хабарлама құжаттарын алу процесін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің алуын онлайн-форматқа кезең-кезеңімен көшіру бойынша шаралар қабылданады. Инвесторлар үшін, әсіресе, жергілікті деңгейде рұқсат беру құжаттарын және өзге де құжаттарды беру рәсімдерін оңайлату (мерзімдерін қысқарту, рәсімдерді оңтайландыру) бойынша ұсыныстар жеке тұжырымдалады. Инвестициялық мұқтаждықтар үшін жаңа жер учаскелерін бөліп беру, оның ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау және алып қою арқылы жер учаскелерін алып қою жөнінде шаралар қабылданады. Өңірлерге инвестициялар легін ынталандыру бойынша инфрақұрылымның негізгі элементі АЭА болып қалады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың базасында инвесторлардың күрделі шығындарын азайтуға жәрдемдесу және инвестициялық шешімдер қабылдауды жеделдету мақсатында инвесторларды ready-built factor типі бойынша дайын өндірістік алаңдармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар пысықталады. Инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялардың қазіргі жүйесі де олардың тиімділігін арттыру мақсатында қайта қаралып, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі әзірленеді. Жалпы, инвесторлармен өзара іс-қимыл кезінде әділдік пен тең құқықтылық қағидаттарын орындау, экспроприациядан қорғау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Инвестициялық қызметті ақпараттық-коммуникациялық қолдауды жетілдіру арқылы қолайлы инвестициялық имиджді дамытуға жәрдемдесу Елдің инвестициялық ахуалын жетілдірудің негізі инвестициялық қызметті іске асырудың ашықтық деңгейін арттыру және ол үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұл міндеттің табыстылығы көп жағдайда стейкхолдерлердің жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге және Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін ілгерілетуге сайып келеді. Ақпараттық қолдауды одан әрі жетілдіру мақсатында шетелдік және/немесе республикалық ірі бұқаралық ақпарат құралдарында инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде жүргізілетін инвестициялық іс-шараларды медиалық жария ету және ілгерілету арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету жалғасатын болады. Ақпараттық қолдауды орталық деңгейде жүзеге асыру мақсатында инвесторлар үшін оларды өңірлердің бәсекелік артықшылықтары, инвестициялық инфрақұрылым объектілері, бизнес-бастамалар, перспективалы инвестициялық жобалар туралы шоғырландырылған ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-порталын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасады. Үкімет жыл сайынғы негізде есепті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей әлемдік трендтерді талдауды және өңірлердің инвестициялық рейтингінің нәтижелерін қоса алғанда, елде инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың ағымдағы нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі жүйелі ұсыныстарды қамтитын Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Президентіне жолдайды. Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган және инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания инвесторлармен жұмыс істеуде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы және/немесе шетелдердегі инвестициялық іс-шараларға (форумдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, конференциялар, семинарлар және т. б.) қатысу/ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру арқылы проактивті тәсілді ұстануды жалғастыратын болады. Сондай-ақ инвестициялық алаңдарды зерделеу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ әлеуетті бизнес-әріптестермен келіссөздер жүргізу шеңберінде инвесторлардың делегацияларын/сапарларын сүйемелдеу жұмысы жалғасады. Инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесінің жұмысы шеңберінде елдік инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жалғасады. Инвесторларды одан әрі таргеттеу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолу дайындалады.
Тармақ 3
3. ESG қағидаттарын енгізу/сақтау арқылы қолайлы инвестициялық имиджді қалыптастыру Қазіргі уақытта жаһандық капитал нарығы инвестициялық лекті экология, қоғам және корпоративтік басқару мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтын әрі экологиялық және әлеуметтік нәтижелерге бағытталған секторларға/өндірістерге/компанияларға бағыттайды. ESG мәселелерінің күн тәртібін ескеруден бас тарту – бұл орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада, тұтас ел үшін де, жеке компаниялар үшін де капитал нарықтарын жабудың айқын жолы. Осы бағыт шеңберінде ESG-дің үздік халықаралық практикаларына терең талдау және бағалау жүргізіледі, бұл оларды Қазақстан жағдайларына бейімдеу бойынша тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді. ESG қағидаттарын сақтамау қаржыландырудың толық алынбауына әкеп соғуы мүмкін болғандықтан, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ESG қағидаттарын енгізу мәселесі пысықталатын болады. Персоналды басқару (әлеуметтік сала), қоршаған ортаны қорғау (экологиялық сала) және корпоративтік басқару мәселелері бойынша орнықты даму туралы есептілікті жариялау міндеттілігі бойынша жария компанияларға (листингке алынатын/көпшілік қызығушылық білдіретін/квазимемлекеттік секторға кіретін) қойылатын талаптар (халықаралық стандарттарды ескере отырып) әзірленетін болады. Бұл ретте Қазақстанның бүкіл бизнесін қамту мақсатында ESG тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі туралы ақпаратты ашу бойынша, сондай-ақ барлық компаниялар үшін осы тәуекелдердің әсерін анықтау, бағалау және басқару рәсімі бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірленеді, бұл барлық компанияларға әлсіз тұстарын анықтауға және қарсы шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар компанияларды өз қызметінің экологияға және әлеуметке әсерінің нәтижелерінің ашықтығын арттыруға ынталандыруға мүмкіндік береді. Орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу басқарушылық процестердің ашықтығын және тиімділігін көрсетуге көмектесетінін атап өту керек, бұл ұзақ мерзімді ресурстарды тарту үшін қолайлы жағдай жасайды. Жеке және институционалдық инвесторлар үшін жауапты инвестициялаудың бірыңғай өлшемшарттарын (жауапты инвестициялау қағидаттарын іске асыру жөніндегі ұсынымдар) енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу көзделеді. Бірыңғай өлшемшарттар инвестициялаудың ESG легін анықтауға мүмкіндік береді. Осы қағидаттарды қолдана отырып, инвесторлар қызметі экологиялық тәуекелдермен және ірі ақшалай шығындармен байланысты компаниялардан аулақ бола алады. Сонымен қатар ESG қағидаттарын енгізуді ынталандыру мақсатында ESG қағидаттарын ағымдағы қызметке және даму стратегиясына интеграциялау верификацияланатын компаниялар үшін қолдаудың әртүрлі бағыттары әзірленетін болады. ESG қағидаттарына сай келетін «жасыл» қаржыландыруды қоса алғанда, орнықты қаржыландыру құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылданады. 2-бағыт. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу Жеке секторды инвестициялық қызметке одан әрі тарту және оған қатысуын кеңейту мақсатында венчурлік қаржыландыруды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленеді, жаңа, оның ішінде өңірлерден инвестициялық бастамалар қалыптастырылады. Ұлттық инвестициялық invest.gov.kz порталында және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың веб-сайттарында іске асырылып жатқан және жоспарланатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ инвестицияларға мұқтаж жобалардың тізімі/базасы тұрақты негізде жарияланатын болады. Бұдан басқа, шетелдік жеке инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында жыл сайынғы қазақстандық инвестициялық дөңгелек үстел өткізілетін болады.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларына инвестициялар тарту Қазақстан Республикасында МЖӘ жобаларын іске асыру айқындық және ашықтық қағидатын сақтай отырып, тек бәсекелі ортада жүзеге асырылатын болады. Осы бағытта тікелей келіссөздер тетігіне, оның ішінде бастама жасау негіздерін күшейту және жеке қаржылық бастама жасалған кезде жекеше әріптесті конкурстық іріктеуге кезең-кезеңімен көшу жөніндегі тәсіл де қайта қаралатын болады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес МЖӘ-нің жаңа заманауи тәсілдерін әзірлеу керек. Бюджетке түсетін жүктеме деңгейін ескере отырып, республикалық та, жергілікті де МЖӘ жобаларын жоспарлау кезінде жобаларды іске асыру схемалары айқындалады: кейіннен МЖӘ жобаларының жиынтық Pipeline қалыптастырылатын бюджеттік инвестициялық жоба, бюджеттік инвестициялар, бюджеттік кредит немесе МЖӘ. Жиынтық тізбенің болуы мемлекеттік міндеттемелердің төлемдерін, оның ішінде МЖӘ жобалары бойынша төлемдерді жоспарлау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы МЖӘ жобаларына басымдық беру қамтамасыз етіледі, оның негізіне ел дамуының стратегиялық мақсаттары мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестік қағидаты қаланатын болады. Қазақстанда МЖӘ жобаларының көп бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және ТКШ салаларында іске асырылып жатқанын ескере отырып, МЖӘ тетігін басқа салаларда қолдануды жандандыру қажет. Бұл ретте МЖӘ жобаларын іске асыруға мемлекеттің қаржылай қатысуын кезең-кезеңімен азайтуға және сол арқылы бюджетке жүктемені төмендетуге баса назар аударылатын болады. Бюджеттен тыс қаржыландыруды ұлғайту және жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттің қаржылай қатысуын қысқарту мақсатында шығындарды бюджеттен өтемей, жеке капиталды тарту және МЖӘ жобаларын іске асыру үлесін ұлғайту жөніндегі жұмыс жандандырылады. Осы мақсатта нормативтік деңгейде жобалардың (жекеше әріптестің барлық шығындарын мемлекеттік бюджеттен өтеуді талап ететін; пайдалану шығындарын мемлекеттік бюджеттен өтеуді талап ететін; қандай да бір қаржылық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік бюджеттен шығындарды өтеу көздерін талап етпейтін) санаттылығы бекітілетін болады. МЖӘ жобалары шеңберінде мемлекеттік міндеттемелер мен қоса қаржыландыру бойынша жүктеменің міндетті жол берілетін деңгейі де айқындалатын болады, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын қолдану және шығындарды өтеу көздері (ИШӨ, КДСК, БС, қоса қаржыландыру, кепілдіктер, субсидиялар) бойынша нормативтік шектеулер белгіленеді. Мемлекеттік міндеттемелер Парламентте қаралғаннан кейін (Қарыз туралы шарттарды ратификациялауға немесе ЖАО мемлекеттік міндеттемелер мәселесін мәслихаттың қарауына және мақұлдауына шығаратын жергілікті деңгейде МЖӘ жобаларын мақұлдау рәсіміне ұқсас) МЖӘ-нің неғұрлым маңызды және шығынды жобалары бойынша (мысалы, АЕК түрінде көрсетілген міндеттемелердің белгілі бір шегінен немесе оның белгілі бір үлесінен жоғары жалпы шығыстар) оларды қабылдау мүмкіндігі пысықталады. Сонымен бірге, тұтынушыдан түсетін табыс жеткіліксіз әлеуметтік сала мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жобаларында жобаның барлық мұқтаждарын жабу үшін қоса қаржыландыру немесе қаржыландырудың жетіспейтін көздерін жабу үшін табысты қамтамасыз етудің басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Бұл шаралар да қатар экономиканың сұраныс аз секторларында МЖӘ-ні дамытуды күшейтуге және «People-first-PPPs» бастамасын енгізуді жалғастыра отырып, халық үшін құндылық қағидатына назар аударуға мүмкіндік береді. МЖӘ жобаларын сапалы жоспарлау оларды тиімді іске асыруға және тиісінше экономика үшін маңызды салаларға қаржы түсімдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік және жекеше әріптестер арасында тәуекелдерді жекеше тараптың пайдасына бөлу кезінде теңгерімнің ауытқу мүмкіндігін жоққа шығару, сондай-ақ жобалардың бюджеттік тиімділігін күшейту мақсатында: МЖӘ жобалары бойынша тәуекелдерді бөлу және бағалау, сондай-ақ мемлекет пен жекеше инвесторлар арасында МЖӘ жобалары бойынша қаржылық жүктемені бөлу әдістемесі әзірленді; стратегиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығына сүйене отырып, МЖӘ жобаларын іріктеудің қатаң және бағаланатын өлшемшарттары енгізілді. Жобаларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар, мысалы, заттай грант, тұтыну кепілдігі, қоса қаржыландыру сияқты құралдары да пысықтауды (нақтылауды) талап етеді, осыған байланысты мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың қолда бар тәжірибесіне талдау жүргізіледі, оларды қолданудың шарттары мен нысандары нақтыланады, мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың нақты нормативтік шектеулері мен өлшемшарттары белгіленеді. Бұдан басқа, келісімшарттар түрлері (сенімгерлік басқару, сервистік келісімшарт, жалға алу, лизинг, келісімшарттың бастан-аяқ циклі) бойынша МЖӘ жобаларын іске асырудың алуан түрлілігін қолдану практикасын ескере отырып, бюджеттік тиімділікке баса назар аударылып, келісімшарттардың барлық түрлері бойынша МЖӘ жобаларының айрықша ерекшеліктері әзірленеді, бұл өз кезегінде МЖӘ туралы және концессиялар туралы заңдардың аражігін ажырату мүмкіндігін қарауды талап етеді. Сонымен қатар жоспарлау сапасын арттыру, МЖӘ жобаларын табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік әріптестердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) құзыреті арттырылатын, сондай-ақ мемлекеттік әріптестер тарапынан МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингтеу процестері күшейтілетін болады. МЖӘ жобаларының іске асырылуына толыққанды бағалау жүргізу, жобалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді талдау және сол арқылы оларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында МЖӘ жобаларын басқару сапасын рейтингтік бағалау енгізілетін болады.
Тармақ 2
2. Экономикаға қосымша инвестициялық капитал тарту үшін жағдай жасау Ішкі және сыртқы факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, қазақстандық экономикадағы жеке сектордың рөлін арттыру үшін бекітілген Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жекешелендіру жалғасатын болады. Бәсекеге қабілетті ұсынысқа негізделген шетелдік және ішкі инвесторлар үшін жекешелендіруге тең қол жеткізу қағидаты қамтамасыз етіледі. Бұл ретте құнды барынша ұлғайтумен бірге мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту, бәсекелестікті ұлғайту және мемлекеттің инвестицияларға ашықтығын көрсету негізгі драйверге айналуы тиіс. Бағалы қағаздар нарығының құралдары арқылы банктік кредиттеуге балама инвестициялау көздерін дамыту: банктерді, сақтандыру ұйымдарын, мемлекет қатысатын қорларды, квазимемлекеттік сектор компанияларын қоса алғанда, стратегиялық және бөлшек инвесторлардың қаражатын тарту; қазақстандық қор нарығын капиталдың халықаралық нарықтарына интеграциялау мен ілгерілету және сыртқы портфельдік инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Инвестициялар, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізу, мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру үшін қолайлы және сенімгерлік орта құру қор нарығын реттеу мен дамытудың алдында тұрған түйінді міндеттерге айналады. Қор нарығында стратегиялық инвесторлардың жаңа сыныптарын қалыптастыруды және дамытуды ынталандыру нарықтың тұрақтылығына, сондай-ақ экономика субъектілерінің қор нарығының құралдары арқылы ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуына ықпал ететін болады. 3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу
Тармақ 1
1. Инвестициялық әлеуетті дамыту жөніндегі жүйелі шаралар Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін одан әрі ашу мақсатында мынадай жүйелі шаралар қабылданады. Оңтүстік Корея, Израиль, Сингапур тәжірибесінің негізінде банкроттық процесі оңайлатылатын болады. Оңалту және банкроттық жүйесі тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан жедел шығуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар капитал ФАТФ стандарттары мен басшылық қағидаттарына қайшы келмейтін тәсілдермен ел экономикасына қайтарылған жағдайда оған рақымшылық жасау мәселесі пысықталатын болады. Инвестициялық және өңірлік саясаттың өзара байланысын қамтамасыз ету үшін өңірлердің инвестициялық тартымдылық рейтингі шеңберінде экономикаға, бірінші кезекте экспорттық әлеуеті бар жобаларға инвестициялар тарту үшін өңірлік және салалық шектеулерге тұрақты талдау, оның ішінде анықталған проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсынымдар мен жүйелі шаралар әзірлей отырып, әрбір шетелдік компанияның кету себебіне талдау жүргізіледі. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания АХҚО-ны, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып, инвестициялар туралы келісімдер жасасу үшін стратегиялық инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жаңа инвесторларды тарту және шетелдік инвесторларды кеңінен қамту инвестицияларды тартудың «шетелдік мекемелер – орталық – өңірлер» үш деңгейлі жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының барлық шетелдік мекемелерінің және инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның шетелдік өкілдері желісінің қызметін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылатын болады. Шетелдік өкілдер институты қызметін жетілдіру мақсатында шетелдік өкілдерді іріктеу кезінде кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралатын және жоғарылатылатын болады. Қолданыстағы Қызмет тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес шетелдік өкіл қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бұрынғыдай өкілдік қызметтер көрсетуге арналған шарттарды бұзуға немесе ұзартуға байланысты шешім қабылдау үшін, сондай-ақ шетелдік өкілдер қатысатын елдерді айқындау шеңберінде талдау жүргізу кезінде пайдаланылатын болады. Бұдан басқа, Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның базасында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібіне сәйкес «бір терезе» шеңберінде инвесторларды сервистік қолдауды қамтамасыз ету жалғастырылатын болады. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания салалық және елдік бағыттылығына қарамастан, жұмыста бұрын қабылданған қағидаттарды ұстанатын болады. Шетелдік инвесторлармен жолға қойылған жүйелі жұмысты және инвестициялық жобалар мен инвесторлардың жинақталған базасын ескере отырып, инвесторларға тұрақты негізде инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырудан бастап инвестициядан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі шаралардың толық кешені көрсетілетін болады.
Тармақ 2
2. Тікелей және портфельдік инвестициялар тарту саласында «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру Ел экономикасына тікелей және портфельдік инвестициялар тарту үшін АХҚО алаңын барынша іске қосу үшін шаралар қабылданатын болады. АХҚО базасында қолайлы іскерлік ортаны дамыту, қаржылық және кәсіптік қызметтер көрсету, инфрақұрылымды жақсарту жалғасады. Қосымша халықаралық өтімділікті тарту және MSCI Emerging Markets және FTSE халықаралық индекстеріне ену мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде АХҚО-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының рейтингін «Шекара нарықтарынан» «Дамушы нарықтарға» дейін арттыру үшін нарық құрылымын жаңарту бойынша жұмысты жалғастырады. Екі биржаға (АІХ және КАЅЕ) тең жағдайларды қамтамасыз ету қаржы орталықтары мен қор нарықтарының индекстеріндегі Қазақстан Республикасының позицияларын ілгерілетуге олардың артықшылықтарын біріктіру арқылы ықпал ететін болады. Қазақстандық эмитенттер мен инвесторларға IPO өткізу мақсаттары мен экономикалық орындылығына қарай ғана IPO өткізу және оған қатысу үшін алаң таңдау жасауға мүмкіндік беріледі. Қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына кезең-кезеңімен ауыстыру (редомициляция) жүзеге асырылады. Бұл шара Қазақстанға ірі активтерді қайтаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, АХҚО алаңы арқылы ұлттық экономикаға тартылған инвестициялардың жиынтық көлемін ұлғайтуға да ықпал етеді. АХҚО жергілікті нарықты және активтерді басқару саласындағы сараптаманы дамыту жөніндегі қызметі активтерді басқару нарығында қызмет көрсететін жетекші халықаралық және жергілікті компанияларды тартуға бағытталады. Алдағы жұмыс АХҚО-да жергілікті, сондай-ақ шетелдік басқарушы компаниялардың активтерін құрылымдау, иелену және басқару үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін реттеушілік және салықтық режимдерді дамытуға бағытталатын болады. Ел экономикасына инвестициялар тарту мақсатында инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын іске қосу мәселесі пысықталатын болады, ол инвестордың және оның отбасы мүшелерінің АХҚО құралдарына инвестициялау шартымен Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте келу визасын алуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық резиденті деп тану мүмкіндігін көздейді. Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын одан әрі іске асыру үшін АХҚО үздік әлемдік практикаларға сәйкес нормативтік базаны жетілдіру және бағдарлама процестерін автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастырады. Бұдан басқа «ашық аспан» режимінде әлемдік аса ірі қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынастарын ашу, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың қазақстандық институционалдық инвесторларының өз инвестициялау стратегияларын қайта қарауы және жеке құрал түрі ретінде «жасыл» облигацияларға инвестициялаудың міндетті үлесін белгілеу бөлігінде инвестициялық декларацияларға өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Тарау 6. 6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады (1-кесте):
Тармақ 1
1. 2026 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар ЖІӨ-нің 25,1 %-на дейін.
Тармақ 2
2. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы құйылуы 2026 жылға қарай 25,5 млрд АҚШ доллары. 1-кесте. Инвестициялық даму саласындағы нысаналы индикаторлар Р/с№ Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар Өл­шем бір­лі­гі Ақ­па­рат кө­зі 2019 жыл (факт) 2020 жыл (факт) 2021 жыл (факт) Бо­лжам Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар 2022 жыл 2023­жыл 2024 жыл 2025 жыл 22026 жыл 1. Негіз­гі ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар: рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша, ЖІӨ-ден % ҰСБ СЖ­РА 18,1 17,4 16,3 17,5 21,0 23,0 25,0 25,1 ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, АШМ, ДСМ, МСМ, ЦДИА­ӨМ, СИМ, ЭГ­ТРМ, ЭМ, АҚДМ, ҒЖ­БМ, ОАМ, Ең­бек­ми­ні, ЖАО, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ, «Зер­де» ҰБХ» АҚ, «Қа­зақ­стан ин­жи­ни­ринг» ҰК» АҚ 2. Ті­ке­лей ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы құй­ы­луы млрд АҚШ долл. ҚР ҰБ 24,4 17,2 23,7 23,9 25,1 27,6 30,0 30,5 СІМ, АХ­ҚО, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ, «Қа­зақ­стан ин­жи­ни­ринг» ҰК» АҚ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «QazExpoCongress» АҚ, «Қаз­гео­ло­гия» ҰТК» АҚ _____________________________ 3 Тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізу тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру көлеміне тәуелді Тұжырымдамада қамтылған қағидаттар мен Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын іске асыру тәсілдерін толық көлемде іске асыру 2026 жылға қарай мынадай күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
Тармақша 1
1) өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар үлесін негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 13 %-ға дейін ұлғайту (2020 жылы 8,8 %, 2021 жылы 11,7 %);
Тармақша 2
2) экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестициялар үлесін негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 60 %-ға дейін ұлғайту (2020 жылы 44 %, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 48 %);
Тармақша 3
3) өңдеу өнеркәсібіне ТШИ үлесін Қазақстан Республикасындағы ТШИ жалпы құйылуының 30 %-ына дейін ұлғайту (2019 жылы 14,2 %, 2020 жылы 18,5 %);
Тармақша 4
4) «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған инвестициялардың 2019 жылғы деңгейге қарағанда 3 есе өсуі (2019 жылы 163 млрд теңге, 2020 жылы 120 млрд теңге);
Тармақша 5
5) өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі құралдардың тозуын 33 %-ға төмендету (2019 жылы 36,5 %, 2020 жылы 39,2 %);
Тармақша 6
6) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және «зәкірлік инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар саны – 20 бірлік (2022 – 2026 жылдар);
Тармақша 7
7) әрбір 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру. Ескертпе: Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. _________________________
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына қосымша
Тарау 7. 7. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
7. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары Р/с№ Іс-ша­ра­лар ата­уы Аяқ­та­лу ны­са­ны Аяқ­та­лу мер­зі­мі Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар 1 2 3 4 5 Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор. Негіз­гі ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар, ЖІӨ шақ­қан­да %: 2022 ж. – 17,5 %; 2023 ж. – 21,0 %, 2024 ж. – 23,0 %; 2025 ж. – 25,0 %; 2025 ж. – 25,1 %; 2-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор. Ті­ке­лей ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы құй­ы­луы, млрд АҚШ долл.: 2022 ж. – 23,9 млрд АҚШ долл.; 2023 ж. – 25,1 млрд АҚШ долл., 2024 ж. – 27,6 млрд АҚШ долл.; 2025 ж. – 30,0 млрд АҚШ долл.; 2026 ж. – 30,5 млрд АҚШ. долл. 1-ба­ғыт. Ин­ве­сти­ци­я­лық эко­жүй­е­ні одан әрі да­мы­ту 1. Ин­ве­сти­ци­я­лар­ды ТШИ әлем­дік ле­гі­нің жа­һандық және өңір­лік үр­ді­сте­ріне бей­ім­деу мақ­са­тын­да олар­ды өза­ра қор­ғау және кө­тер­ме­леу ту­ра­лы ке­лі­сім­дер­ге ре­ви­зия жүр­гі­зу Үкі­мет­ке ақ­па­рат 2023 жы­л­ғы шіл­де СІМ, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар 2. Қа­зақ­стан­дық және ха­лы­қа­ра­лық прак­ти­ка­ны тал­дау негі­зін­де сот тәр­ті­бі­мен ин­ве­сти­ци­я­лық да­у­лар­ды рет­теу және ше­шу жүй­е­сін жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­леу Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 2022 жы­л­ғы қа­зан СІМ, ЖС (ке­лі­су бой­ын­ша), БП (ке­лі­су бой­ын­ша), Әді­лет­ми­ні, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ИИДМ, СИМ, ЭМ, ЭГ­ТРМ, «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры­ның ақ­па­рат­тық ре­сур­ста­рын­да құқық қол­да­ну прак­ти­ка­сын қа­лып­та­сты­ра­тын са­лық және ке­ден заң­на­ма­сы­ның нор­ма­ла­рын тү­сін­ді­ру жө­нін­де­гі тү­сін­дір­ме нұс­қа­улық­та­рын және/неме­се ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды ор­на­ла­сты­ру­ды жал­ға­сты­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры­ның ақ­па­рат­тық ре­сур­ста­рын­да жа­ри­я­лау 2022 – 2026 жыл­дар бойы Қар­жы­ми­ні, ҰЭМ 4. Қол­да­ны­лу мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған іс­кер­лік ви­за­лар алу рә­сім­де­рін оңай­ла­ту­ды қо­са ал­ған­да, ви­за­лық және кө­ші-қон ре­жи­мін одан әрі оңай­ла­ту бой­ын­ша ке­шен­ді ша­ра­лар тұ­жы­рым­дау Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ІІМ, СІМ, Ең­бек­ми­ні, ЦДИА­ӨМ, ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша) 5. Өңір­лер­де қо­лай­лы ин­ве­сти­ци­я­лық аху­ал­ды қам­та­ма­сыз ету бө­лі­гін­де жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар үшін тұ­жы­рым­да­ма­лық ұсы­ным­дар әзір­леу ЖАО үшін ұсы­ным­дар 2022 жы­л­ғы қыр­күй­ек ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, ЭМ, СИМ, «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «QazIndustry» ҚИ­ЭО» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 6. Өңір­лер­де­гі ин­ве­стор­лар­дың ша­ғым­да­ры­на жүй­е­лі және же­дел ден қою мақ­са­тын­да олар­мен өза­ра ти­ім­ді іс-қи­мыл жа­сау үшін диа­лог алаң­да­ры мен те­тікте­рін же­тіл­ді­ру ҰЭМ-ге ақ­па­рат 2022 жы­л­ғы қа­зан об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі 7. Әле­ует­ті ин­ве­стор­лар­мен одан әрі жұ­мыс іс­теу мақ­са­тын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­тел­де­гі ме­ке­ме­ле­рі­нің өкіл­де­рі үшін өң­деу өнер­к­ә­сі­бін мем­ле­кет­тік қол­дау са­ла­сын­да­ғы кә­сіп­тік құ­зы­рет­тер­ді арт­ты­ру оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы жыл сай­ын СІМ, ИИДМ, ДСМ, МСМ, ҰЭМ, АШМ, СИМ, ЦДИА­ӨМ, ЭГ­ТРМ, ЭМ, «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша) 8. Өңір­лер­дің ин­ве­сти­ци­я­лық аху­а­лы­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу өңір­лер­дің ин­ве­сти­ци­я­лық рей­тин­гі жыл сай­ын, жел­тоқ­сан ҰЭМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі 9. Қай­та­ла­на­тын функ­ци­я­лар­ды, ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту про­це­сін бю­ро­кра­ти­я­лан­ды­ру­ды кү­шей­те­тін ар­тық про­це­стер­ді анық­тау үшін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге жүй­е­лі тал­дау жүр­гі­зу Үкі­мет­ке ба­ян­да­ма жыл сай­ын, жел­тоқ­сан ҰЭМ, «ЭЗИ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 10. Ин­ве­стор­лар­дың ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру ке­зін­де рұқ­сат бе­ру/ха­бар­ла­ма құ­жат­та­рын, оның ішін­де та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі бе­ре­тін құ­жат­тар­ды алу про­це­сін ке­зең-ке­зе­ңі­мен то­лық (100 %) он­лайн фор­мат­қа кө­ші­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді элек­трон­дық үкі­мет пор­та­лы ар­қы­лы алу 2022 – 2026 жыл­дар бойы СІМ, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 11. Ин­ве­стор­лар үшін рұқ­сат бе­ру және өзге де құ­жат­тар­ды бе­ру рә­сім­де­рін оңай­ла­ту бой­ын­ша (мер­зім­дер­ді қы­сқар­ту, рә­сім­дер­ді оң­тай­лан­ды­ру) ұсы­ны­стар тұ­жы­рым­дау ҰЭМ-ге ұсы­ны­стар 2022 – 2023 жыл­дар, жел­тоқ­сан СІМ, ЦДИА­ӨМ, ІІМ, Ең­бек­ми­ні, ИИДМ, СИМ, АШМ, ЭГ­ТРМ, ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 12. Ар­найы эко­но­ми­ка­лық және ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар ба­за­сын­да ин­ве­стор­лар­ды ready-built factory ти­пі бой­ын­ша дай­ын өн­ді­рі­стік алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де ұсы­ны­стар тұ­жы­рым­дау Үкі­мет­ке ақ­па­рат 2022 – 2023 жыл­дар, жел­тоқ­сан ИИДМ, СІМ, об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі 13. Ин­ве­сти­ци­я­лар бой­ын­ша ұлт­тық ба­ян­да­ма әзір­леу ұлт­тық ба­ян­да­ма 2023 – 2026 жыл­дар, 1 мау­сым ПМК, ҰЭМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 14. ESG-дің үз­дік ха­лы­қа­ра­лық прак­ти­ка­ла­ры­на те­рең тал­дау және ба­ға­лау жүр­гі­зу, олар­ды Қа­зақ­стан жағ­дай­ла­ры­на бей­ім­деу бой­ын­ша ұсы­ным­дар мен ұсы­ны­стар тұ­жы­рым­дау Үкі­мет­ке ба­ян­да­ма 2022 жыл, жел­тоқ­сан ҰЭМ, «ЭЗИ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), СІМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 15. Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сіне ESG қа­ғи­дат­та­рын ен­гі­зу бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­леу бұй­рық жо­ба­сы 2023 жы­л­ғы сәу­ір ҰЭМ, «ЭЗИ» АҚ» (ке­лі­су бой­ын­ша), СЖ­РА (ке­лі­су бой­ын­ша) 16. ESG мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ли­стинг­тік ком­па­ни­я­лар жа­ри­я­лай­тын жыл­дық есеп­тер­дің маз­мұ­ны­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды тұ­жы­рым­дау Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 2024 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні, ҰЭМ, «ЭЗИ» АҚ» (ке­лі­су бой­ын­ша), «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 17. Қар­жы сек­то­ры­ның қа­ты­су­шы­ла­ры үшін ESG тәу­е­кел­де­ріне ұшы­рау дә­ре­же­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ашу, сон­дай-ақ осы тәу­е­кел­дер­ді анық­тау, ба­ға­лау және бас­қа­ру рә­сі­мі бой­ын­ша ұсы­ным­дар әзір­леу әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар 2023 жы­л­ғы мау­сым ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰЭМ, «ЭЗИ» АҚ» (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 18. ESG қа­ғи­дат­та­ры­ның ағым­да­ғы қыз­мет­ке және да­му стра­те­ги­я­сы­на ин­те­гра­ци­я­ла­нуы ве­ри­фи­ка­ци­я­ла­на­тын ком­па­ни­я­лар үшін әр­түр­лі қол­дау ба­ғыт­та­ры­на тал­дау жүр­гі­зу Үкі­мет­ке ба­ян­да­ма 2023 жы­л­ғы на­урыз ҰЭМ, «ЭЗИ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 19. ESG қа­ғи­дат­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін «жа­сыл» қар­жы­лан­ды­ру­ды қо­са ал­ған­да, ор­нық­ты қар­жы­лан­ды­ру құ­рал­да­рын да­мы­ту Үкі­мет­ке ақ­па­рат 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша) 20. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы және/неме­се ше­тел­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық іс-ша­ра­лар­ды (фо­рум­дар, дөң­ге­лек үстел­дер, көр­ме­лер, кон­фе­рен­ци­я­лар, се­ми­нар­лар және т.б.) ұй­ым­да­сты­ру/қа­ты­су және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­лық мүм­кін­дік­те­рін та­ны­сты­ру ар­қы­лы ше­тел­дік ин­ве­стор­лар­ды тар­ту СІМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 21. Ше­тел­дік және/неме­се рес­пуб­ли­ка­лық ірі БАҚ-та Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­ла­ры мен ин­ве­сти­ци­я­лық мүм­кін­дік­те­рін тар­ту бой­ын­ша өт­кі­зі­ле­тін ин­ве­сти­ци­я­лық іс-ша­ра­лар­ды ме­диа жа­ри­я­лау және іл­ге­рі­ле­ту ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­лық ими­джін іл­ге­рі­ле­ту СІМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 22. Ин­ве­сти­ци­я­лық алаң­дар­ды зер­де­леу, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­мен, сон­дай-ақ әле­ует­ті биз­нес-әріп­те­стер­мен ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зу шең­бе­рін­де де­ле­га­ци­я­лар­ды/ ин­ве­стор­лар­дың са­пар­ла­рын сүй­е­мел­деу ар­қы­лы ше­тел­дік ин­ве­стор­лар­ға «жұм­сақ ин­фра­құ­ры­лым­ды» қам­та­ма­сыз ету Үкі­мет­ке ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 23. Үш дең­гей­лі ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту жүй­е­сі шең­бе­рін­де ел­дік ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды іс­ке асы­ру Үкі­мет­ке ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), шет ел­дер­де­гі ме­ке­ме­лер 24. Та­у­а­ша­лы жо­ба­лар/ба­сым та­у­ар­лар/та­у­ар топ­та­ры ара­сы­нан ин­ве­сти­ци­я­лық ұсы­ны­стар дай­ын­дау, сон­дай-ақ ин­ве­стор­лар­ды одан әрі тар­гет­тей оты­рып, ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­қа сәй­кес ба­сым са­ла­лар мен та­у­ар­лар/та­у­ар топ­та­ры бой­ын­ша шо­лу дай­ын­дау дай­ын­дал­ған ин­ве­сти­ци­я­лық ұсы­ны­стар жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 25. Ұлт­тық ин­ве­сти­ци­я­лық пор­тал­ды іл­ге­рі­ле­ту­ді қам­та­ма­сыз ету үне­мі жа­ңар­та оты­рып, Ұлт­тық ин­ве­сти­ци­я­лық invest.gov.​kz. пор­та­лы­ның ір­кі­ліс­сіз жұ­мыс іс­те­уі жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты, Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 2-ба­ғыт. Же­ке сек­тор­дың ин­ве­сти­ци­я­лық бел­сен­ді­лі­гі­нің өсу­іне жәр­дем­де­су 26. Вен­чур­лік ин­ве­сти­ци­я­лау ба­ғы­тын да­мы­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар тұ­жы­рым­дау Үкі­мет­ке ұсы­ныс 2022 жыл, та­мыз АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар 27. Жа­ңа, оның ішін­де өңір­лер­де ин­ве­сти­ци­я­лық ба­ста­ма­лар­ды қа­лып­та­сты­ру Үкі­мет­ке ұсы­ныс жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, ИИДМ, СИМ, ЭГ­ТРМ, ЭМ, Қар­жы­ми­ні, АШМ, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі, да­му ин­сти­тут­та­ры (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 28. Іс­ке асы­ры­лып жа­тқан және жос­пар­ла­на­тын ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың, сон­дай-ақ қар­жы­лан­ды­ру­ды та­лап ете­тін жо­ба­лар­дың тұ­рақ­ты ті­зі­мін/ба­за­сын қа­лып­та­сты­ру және жа­ри­я­лау мем­ле­кет­тік және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың, ұй­ым­дар­дың веб-сайт­та­рын­да, сон­дай-ақ invest.gov.​kz ұлт­тық ин­ве­сти­ци­я­лық пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ру жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, ИИДМ, СИМ, ЭГ­ТРМ, ЭМ, Қар­жы­ми­ні, «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның әкім­дік­те­рі, да­му ин­сти­тут­та­ры (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 29. Ше­тел­дік ин­ве­стор­лар үшін жыл сай­ын­ғы қа­зақ­стан­дық ин­ве­сти­ци­я­лық дөң­ге­лек үстел өт­кі­зу ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­лық мүм­кін­дік­те­рін та­ны­сты­ру Үкі­мет­ке ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан СІМ, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 30. Тәу­е­кел­дер­дің тең­ге­рім­ді­лі­гін сақ­тау, МЖӘ шең­бе­рін­де жо­ба­лар­дың са­па­сын арт­ты­ру үшін тә­сіл­дер­ді же­тіл­ді­ру заң жо­ба­сын Үкі­мет­ке ен­гі­зу 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ҰЭМ, «Қа­зақ­стан­дық мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ор­та­лы­ғы» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 31. Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның веб-сай­тын­да ор­на­ла­сты­ра және тұ­рақ­ты негіз­де өзек­ті­лен­ді­ре оты­рып, МЖӘ жо­ба­ла­ры­ның жиын­тық Pipeline қа­лып­та­сты­ру МЖӘ жо­ба­ла­ры­ның жиын­тық тіз­бе­сі 2022 – 2023 жыл­дар, жел­тоқ­сан ҰЭМ, «Қа­зақ­стан­дық мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ор­та­лы­ғы» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 32. МЖӘ жо­ба­ла­рын бас­қа­ру са­па­сы­ның рей­тинг­тік ба­ға­сын ен­гі­зу бұй­рық жо­ба­сы 2023 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ҰЭМ, «Қа­зақ­стан­дық мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ор­та­лы­ғы» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 33. Банк­тер­ді, сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­рын, мем­ле­кет қа­ты­са­тын қор­лар­ды, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор ком­па­ни­я­ла­рын қо­са ал­ған­да, стра­те­ги­я­лық және бөл­шек ин­ве­стор­лар­дың қа­ра­жа­тын тар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар тұ­жы­рым­дау Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 2023 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ҰЭМ, СІМ, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 34. Қа­зақ­стан­дық қор на­ры­ғын ка­пи­тал­дың ха­лы­қа­ра­лық на­рық­та­ры­на ин­те­гра­ци­я­лау және іл­ге­рі­ле­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар тұ­жы­рым­дау және сырт­қы порт­фель­дік ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту ҰЭМ-ге ұсы­ны­стар жыл сай­ын, жел­тоқ­сан ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша), СИМ, мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 3-ба­ғыт. Эко­но­ми­ка­ның ин­ве­сти­ци­я­лық әле­уе­тін ашу 35. Ти­ім­сіз мен­шік ие­ле­рін ауы­сты­ра оты­рып, дәр­мен­сіз кә­сі­по­рын­дар­дың на­рық­тан же­дел шы­ғуы­на ба­ғыт­тал­ған банк­рот­тық рә­сім­дер­ді оңай­ла­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­леу ҰЭМ-ге ұсы­ны­стар 2022 жы­л­ғы қыр­күй­ек Қар­жы­ми­ні, ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша) 36. Ка­пи­тал ел эко­но­ми­ка­сы­на қай­та­ры­л­ған жағ­дай­да олар­ға ра­қым­шы­лық жүр­гі­зу жө­нін­де ұсы­ны­стар әзір­леу ҰЭМ-ге ұсы­ны­стар 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан Қар­жы­ми­ні, ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша) 37. Өңір­лер­дің ин­ве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лық рей­тин­гі шең­бе­рін­де эко­но­ми­ка­ға, бі­рін­ші ке­зек­те, экс­порт­тық әле­уе­ті бар жо­ба­лар­ға ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту үшін өңір­лік және са­ла­лық шек­те­улер­ге тұ­рақ­ты тал­дау жүр­гі­зу, оның ішін­де анық­тал­ған про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­ді жою бой­ын­ша ұсы­ным­дар мен жүй­е­лі ша­ра­лар әзір­лей оты­рып, әр­бір ше­тел­дік ком­па­ни­я­ның ке­ту се­беп­те­рін тал­дау ҰЭМ-ге ақ­па­рат 2022 – 2026 жыл­дар, жел­тоқ­сан СІМ, ИИДМ, ЭМ, СИМ, ЭГ­ТРМ, «ЭЗИ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 38. Қа­зақ­стан­дық ком­па­ни­я­лар­ды ше­тел­дік юрис­дик­ци­я­лар мен оф­шор­лық ай­мақ­тар­дан АХ­ҚО юрис­дик­ци­я­сы­на ке­зең-ке­зе­ңі­мен ауы­сты­ру (ре­до­ми­ци­ля­ция) Үкі­мет­ке ақ­па­рат 2022 – 2023 жыл­дар, жел­тоқ­сан АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 39. АХ­ҚО құ­рал­да­ры­на ин­ве­сти­ци­я­лар са­лу шар­ты­мен ин­ве­стор мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның көп мәр­те­лік ке­лу ви­за­сын алуын, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық ре­зи­ден­ті деп та­ну мүм­кін­ді­гін көз­дей­тін ин­ве­сти­ци­я­лық са­лық­тық ре­зи­дент­тік бағ­дар­ла­ма­сын іс­ке қо­су мә­се­ле­сін пы­сық­тау Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 2023 жы­л­ғы жел­тоқ­сан АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), СІМ, Қар­жы­ми­ні, ҰЭМ 40. Әлем­дік қар­жы ор­та­лық­та­ры­мен «Ашық ас­пан» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша ті­ке­лей әуе қа­ты­на­сын ашу Үкі­мет­ке ақ­па­рат 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ИИДМ, СІМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша) 41. Қа­зақ­стан­дық ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ин­ве­стор­лар­дың өзде­рі­нің ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­ды ин­ве­сти­ци­я­лау стра­те­ги­я­ла­рын қай­та қа­ра­уы және ин­ве­сти­ци­я­лық де­кла­ра­ци­я­лар­ға же­ке­ле­ген құ­рал тү­рін­де­гі «жа­сыл» об­ли­га­ци­я­лар­ға са­лы­на­тын мін­дет­ті ин­ве­сти­ци­я­лау үле­сін бел­гі­леу бө­лі­гін­де өзге­рі­стер ен­гі­зу мүм­кін­ді­гін қа­рас­ты­ру Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ҰӘҚ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), «Бәй­те­рек» ҰБХ» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар (ке­лі­су бой­ын­ша) 42. Ин­ве­сти­ци­я­лар ту­ра­лы ке­лі­сім­дер жа­са­су үшін стра­те­ги­я­лық ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар пулын қа­лып­та­сты­ру және сүй­е­мел­деу СІМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар 43. Жа­ңа ин­ве­стор­лар­ды тар­ту және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ше­тел­дік өкіл­дер же­лі­сі­нің қыз­ме­тін қам­та­ма­сыз ету ар­қы­лы ше­тел­дік ин­ве­стор­лар­дың ке­ңі­нен қам­ты­луын қам­та­ма­сыз ету СІМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 44. Ше­тел­дік өкіл­дер­ді ірік­теу ке­зін­де кан­ди­дат­тар­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын қай­та қа­рау ар­қы­лы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ше­тел­дік өкіл­де­рі­нің қыз­ме­тін же­тіл­ді­ру СІМ-ге ақ­па­рат 2022 жы­л­ғы жел­тоқ­сан «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) 45. Ин­ве­стор­лар­ды «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ «бір те­ре­зе» шең­бе­рін­де сер­ви­стік қол­да­уды қам­та­ма­сыз ету СІМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын, жел­тоқ­сан «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АҚДМ Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Атамекен» ҰКП «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «АХҚО» АҚ «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамы АШМ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АЭА арнайы экономикалық аймақтар Әділетмині Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ӘМСҚ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БАҚ бұқаралық ақпарат құралдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы БП Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ҒЖБМ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ДКБҚ Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры ДСМ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Еңбекмині Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЖС Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Зерде» ҰИХ» АҚ «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы ИИДМ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазгеология» ҰТК» АҚ «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы ҚМА Қаржылық мониторинг агенттігі ҚМ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ҚНРДА Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі МӘСҚ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры МЖӘ мемлекеттік-жекешелік әріптестік МСМ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ОАМ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы СИМ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі СІМ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТШИ тікелей шетелдік инвестициялар ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҰҚК Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ХТО Халықаралық төрелік орталығы ЦДИАӨМ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ІІМ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ЭГТРМ Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «ЭЗИ» АҚ «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы ЭМ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ЭЫДҰ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «Kazakh Export» АҚ «Kazakh Export экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы «KAZAKH INVESТ» ҰК» АҚ «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «QazIndustry» ҚИЭО АҚ «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы «QazTrade» АҚ «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы _____________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамын «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасына одан әрі инвестициялар тарту жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 548 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 16-тармағы. _____________________________________