О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Атбасарского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне:
Тармақша 1
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептiк көрсеткiштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттiк кредит ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит, басшы лауазымдарды атқаратын, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ұсынылмайды.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.