О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации на 2026 год по Житикаринскому району Қолданыста
Басқа 0
Жітіқара ауданы бойынша 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Жітіқара ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Жітіқара ауданы бойынша 2026 жылға арналған корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.