О понижении размера ставки налогов в 2026 году при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации по Костанайскому району Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданы бойынша 2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы бойынша 2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.