Об утверждении размеров поправочных коэффициентов, используемых для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств», на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-5-бабының 18-2) тармақшасына және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мынадай мөлшерлері бекітілсін: р/с № Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша түзету коэффициентінің мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) 1 2 3 1. Алматы облысы 1,44 2. Жетісу облысы 1,20 3. Түркістан облысы 1,69 4. Шығыс Қазақстан облысы 0,72 5. Абай облысы 0,80 6. Қостанай облысы 1,11 7. Қарағанды облысы 1,18 8. Ұлытау облысы 0,99 9. Солтүстік Қазақстан облысы 0,67 10. Ақмола облысы 1,08 11. Павлодар облысы 0,82 12. Жамбыл облысы 1,74 13. Ақтөбе облысы 1,02 14. Батыс Қазақстан облысы 1,19 15. Қызылорда облысы 1,85 16. Атырау облысы 0,48 17. Маңғыстау облысы 0,79 18. Алматы 0,71 19. Астана 1,44 20. Шымкент 1,61
Тармақ 2
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.