О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Тюлькубасском районе на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
Түлкібас ауданында оңайлатылған
декларация негізінде арнаулы салық
режимін қолдану кезінде салық
мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету
туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі есепті салық кезеңі үшін 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.