О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельского округа, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Степногорска на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған Степногорск қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған Степногорск қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген басшы лауазымдарды атқаратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне талап етілетіндер тізбесіне сәйкес мамандықтарға:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау –айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.