О понижении размера ставки налогов в 2026 году при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша 2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша 2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.