О предоставлении в 2026 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, ветеринарным специалистам ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, государственным служащим аппарата акима Красноярского сельского округа, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительства жиль Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарына, Красный Яр ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау көрсету туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемелекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңының 18-бабының 8 және 9 тармақтарына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандырына, Красный Яр ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету мөлшері:
Тармақша 1
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Тармақ 2
2. Басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.