О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации на 2026 год в Акжарском районе Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.