О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Курчумском районе на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
Күршім ауданында 2026 жылға арналған оңайлатылған
декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану
кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін .
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады