Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях оказания услуг на дому на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 болып тіркелген), Жақсы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулы бойынша туындайтын тиісті шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифін бекіту туралы
Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «__»_______ №______қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға 2026 жылға үйде қызметтер көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифін бекіту туралы № Мекемелердің түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) 1 2 3 1. Үйде қызмет көрсету 3631,68