Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год по Актогайскому району Қолданыста
Басқа 0
Ақтоғай ауданында 2026 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
арналған тарифтер
Ақтоғай ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша 2025 жылғы
4 желтоқсандағы
№ 244
Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
арналған тарифтер
№
Түрі
Күніне бір қызмет алушыға тариф,
теңге
Бір қызмет алушыға тариф, ай сайын,
теңге
1.
Үйде қызмет көрсету жағдайында
3902,5
62440,0