Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Атбасарскому району на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
Атбасар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атбасар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Атбасар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
Атбасар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 01
желтоқсандағы
№ а-12/243 қаулысына
қосымша
Атбасар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№
Мекемелердің типтері
Күніне бір қызмет алушының тарифі
(теңге)
1
Үйде қызмет көрсету
2175,01
2
Күндізгі болу бөлімшесі, жартылай стационар
3609,14
3
Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы, жартылай стационар
5986,41
4
Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы, жартылай стационар
7373,63