Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг в районе Биржан сал на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға Біржан сал ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Премьер – Министрі орынбасарының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру Қағидалары мен әдістемесінің негізінде, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға Біржан сал ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары О.Т. Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2026 жылға Біржан сал ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған ТАРИФТЕР
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы « ___ » __________ № __________ қаулысымен бекітілген 2026 жылға Біржан сал ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған ТАРИФТЕР р/№ мекеме түрі бір қызмет алушыға шаққандағы тариф (теңгемен) 1. үйде қызмет көрсету 3 767теңге