О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации на 2026 год в Есильском районе Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында
2026 жылға арналған оңайлатылған декларация
негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық
мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының салық кодексі» Кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының ставкасы 2026 жылы алынған (алуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.