Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдау;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
Әулиекөл ауданы
әкімдігінің қаулысына
2025 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 212
қосымша
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
Түрі
Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф
(теңгемен)
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
1
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру
49064,97
2393,42