Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсетуге арналған тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2026 жылға арналған бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «___»___________
№_______________ қаулысына
қосымша
2026 жылға арналған бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№
Түрлері
Бір көрсетілетін қызметті алушыға бір күнге тариф, теңгемен
1.
Үйде қызмет көрсету жағдайында
3131,44
2.
Уақытша болу жағдайында
(тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары)
8681,43
3.
Уақытша болу жағдайында (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар)
12147,27
4.
Жартылай стационар жағдайында (психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар)
5591,75