Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год по Алгинскому району Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алға ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алға ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «05» желтоқсан № 332 қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері № Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­те­тін ұй­ым­ның ата­уы Тү­рі Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ға та­риф (тең­ге) 1 «Ал­ға аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі «Ал­ға ауда­ны­ның әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту аумақ­тық ор­та­лы­ғы» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Үй­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру 2437,24