Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Павлодара на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабы 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2026 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда), сондай-ақ бұрын әлеуметтік қолдау алмаған ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейтін және тұратын, ветеринарлық пункттердің ветеринарлық мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.