Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтері бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына, Премьер – Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша бекітілген бюджеттің аясында қызметтердің уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің бақылаушы орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Жарқайың ауданының әкімдігінің 2025 жылғы «____» ___________ № ________ қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кіші белгі Қызмет алушының жағдайы 1 2 3 4 5 1. Уақытша болу Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 13 392,82 2. Үйде қызмет көрсету 3 542.4