Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) қандастарды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 281 адам;
Тармақша 2
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасының саны 5 997 адам болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.