Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін енгізсін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Бурабай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М. Рамазанға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бурабай ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Бурабай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «_____» _________
№_________ қаулысына
қосымша
Бурабай ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№
Қызмет түрлері
Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге
1
Үйде қызмет көрсету
2578 тг