«Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год» Қолданыста
Басқа 0
«2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтікқызметтер көрсетуге
тарифтерді бекіту туралы»
Қазақстан РеспубликасыныңӘлеуметтік кодексіне,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрінің2023 жылғы30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде көрсетілетін қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы әділет органына хабардар етсін;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. 2026 жылғы бір қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсету тарифтері
Аққулы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «22» желтоқсан
№ 1-16/323 қаулысына
қосымша
2026 жылғы бір қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге көрсету тарифтері
№
Мекемелердіңтүрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі
(теңге)
Ай сайын бір қызмет алушының тарифі
(теңге)
1.
Үйде қызмет көрсету жағдайында
3361,78
69756,92