Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг в условиях на дому на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифті бекіту туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес және «Арнаулы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығының негізінде, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтері көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Ақмола облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялауға электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшірмесін енгізсін.
Тармақша 2
2) Осы қаулының Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. А. Нұртазинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 1 көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
2025 жылғы "___" _______ №_______________ Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша 1 көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекеме түрлері Көрсетілетін қызметті алушының түрлері Күніне 1 көрсетілетін қызметті алушыға тариф (теңге) Кіші түрі Көрсетілетін қызметті алушының жағдайы 1 2 3 4 5 1. үй жағдайында 3226,98