«Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год» Қолданыста
Басқа 0
«2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Қызылорда қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «9 » желтоқсандағы
№ 3396 қаулысына қосымша
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтер
№
Мекемелердің түрлері
Қызмет алушылардың түрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге
1
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
6 543,33
Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
6 543,33
Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар
9 097,06
2
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар балалар (адамдар)
5 327,42
Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
5 327,42
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар
5 298,45
Егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар
5 298,45
3
Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар
8 846,80