Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по городу Балхаш на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023жылғы 30 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтарды қалыптастыру Ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» № 281 бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Балқаш қаласы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 2
2. «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Балқаш қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Басқа 4. Балқаш қаласы бойынша 2026 жылға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Балқаш қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «19» желтоқсан № 64/02 қаулысына қосымша Балқаш қаласы бойынша 2026 жылға арналған әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер № Қызмет түрлері Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге 1 Үйде қызмет көрсету 2970-00