Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Айтекебийскому району на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141, 142-баптарына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, Әйтеке би ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «08» желтоқсандағы № 366 қаулысына қосымша Әйтеке би ауданы бойынша 2026 жылға арналған 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифі № Ме­ке­ме­лер­дің түр­ле­рі Қызмет алушылардың түрлері Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ның та­ри­фі (тең­ге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1. Үй­де қыз­мет көр­се­ту ұй­ым­да­ры - - 3539,86