Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Буландынскому району на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған Бұланды ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған Бұланды ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2026 жылға арналған Бұланды ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Бұланды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/319 қаулысымен бекітілген 2026 жылға арналған Бұланды ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер № Қызмет түрлері Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге 1 Үйде қызмет көрсету 2711,47