О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2026 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға арналған тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
Тармақша 1
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне беріледі.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.